Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Мәдина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды


12 марта 2019, 14:51 | 547 просмотров



Бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Мәдина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің ресми сайтында хабарланған.
«Қазақстан Республикасы үкіметінің 2019 жылдың 12 наурызындағы № 96 қаулысымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды», — делінген хабарламада.
Әбілқасымова бұдан бұрын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған еді. Қазір министрлікті бұрын Ақтөбе облысы әкімі болған Бердібек Сапарбаев басқарып отыр.

Автор:
Sputnik