Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

МЫҢ САУАЛ


17 сентября 2009, 20:29 | 3 048 просмотров


Ертеде бір жігіт қалыңдық ізлеп, ақылды бір қыз барын естіп, соны сынамақшы болады, әңгіме – сұхбат құрып, сауал қояды.

Жігіттің сұрағы: Адам баласы не нәрсеге ынтық болуы керек?

Қыздың жауабы: Үш нәрсеге – емін-еркін өмір сүруге, жақсы құрметке бөленуге, келешекке пайдасы тиетін еңбек етуге. Бұл үшін төрт шартты орындау керек. Дүние мүлікті адал еңбекпен жирау, қолда бар дәулетті ұқыпты ұстау, жақсы еүту, қоғам мүлкін көздің қарашығындай сақтау, жиған-тергенін өз қажетіне, туған-туысқан, достарына жарату, пәле –жаладан сақ болу.

Жігіт: Ақылды жанның ісі қандай болады?

Қыз: Ақылды жан түзелмейтінді түзетем деп әуреленбейді, өзі білмейтін нәрсені әңгіме етпейді. Оның айтқан ақылы соқырдың көзіне нұр, көкірегіне сәуле, қараңғыға жарық бергенмен тең.

Зор байлыққа сүрінбейді, тапшы өмірге күйінбейді, ақылдан – сабырды, байлықтан артық қанағатты санайды.

Жігіт: Адамды қор қылатын не нәрсе?

Қыз: Нәтсіқұмарлық, менмендік, өтірік айтушылық, әдепсіздік, екісөзділік, мақтаншақтық.

Жігіт: Қандай адамның қылықтары халыққа зиян келтіреді?

Қыз: Өзі біліп, білгенін халыққа айтпаған жанның, қадір-қасиетті білмейтін адамның, ұрыға жақсылық еткен әкімнің, халыққа қайыры жоқ мейірімсіз жанның, бұзақы баласының маңдайынан сипаған ананың, опасыз адамды адал деп сендірген кісінің, өзінің досын мінеуге асыққан, жаратылысымен еңбекті силамайтынның эияны зор.

Жігіт: Адамшылық пен әкімшілікті не бүлдіреді?

Қыз: Құмарлық, әр нені аңсау, маскүнемдік, әкім құмаолық, жұртты шатастыру, орынсыз күйіп-пісу, балағаттау, ашу, қызбалық, орынсыз қаталды.

Жігіт: Адамның өзгертіп ала алмайтыны не?

Қыз: Кәрілік, мінез, өлім.

Жігіт: Ойлы жанның қандай адамға ашуы келеді?

Қыз: Қайырсыз байға, тәкәппар қайыршыға, ұятсыз әйелге, дүниеқор шалға, өнер-білімсіз жұмысқа қыры жоқ жанға, халықты ойламаған әкімге, соғыста жүріп ажалдан қорыққан жанға, адамнан дәме еткен молдаға.

Жігіт: Адам ненің қадірін білмейді?

Қыз: Денсаулықтың, жақсы әйелдің, жігіттіктің.

Жігіт: Арсыз не?

Қыз: Ұйқы, күлкі, тамақ.

Жігіт: Аздан көбейетін не?

Қыз: От, жау, борыш, ауру, сөз.

Жігіт: Асыл мен адалдықты қалай айырады?

Қыз: Асылды – отқа салумен, адалдықты – алған қарызын қайтарумен.

Жігіт: Адамның жаны ашымайтын кімдер?

Қыз: Күнде күнә жасайтын жан, ешкімге жақсылық ойламаған жан, маскүнемдікке салынған жан, қатесін қайталай берген жан.

Жігіт: Дүниеге тоймайтын кімдер?

Қыз: тірнектеп жиып баюдан басқаны ойламаған, тапқанын ішуіне қимайтын жандар.

Жігіт. Құлазып тұл қалатын не?

Қыз: Сусыз арна, басшысыз ел, ұқыпсыз іс, ұқпайтынға айтқан сөз.

Жігіт: Көре біле өкінетін кімдер?

Қыз:Ақ киіп көрік басқан ұста, жаңа етік киіп су кешкен тері илеуші, үйленіп өмірі сапарда жүрген саудагер.

Жігіт: Әдепті деп кімдерді айтамыз?

Қыз: Тамақты мезгілінде даярлап берген әйелді, өзге әйеоге көз салмаған ерді, келелі істі бастарда көппен кеңескен жанды, өз ашуына ие болған адамды.

Жігіт: Еәбегі жанбайтын кімдер?

Қыз: Жігерсіз, тоғышар жандар.

Жігіт. Қорықпайтыннан қорықпайтын кімдер?

Қыз: Аспан құлап кетер деп аяғын жоғары көтеріп жатқан жан. Жер ойылып кетер деп үнемі бір аяғын көтеріп жүретін тырна, құм тайсылып қалады деп аз жейтін құрт. Құстың әдемісімін деп түнде ұшатын жарқанат.

Жігіт: Достаспайтындар кімдер?

Қыз: Күн мен түн, сопы мен дінсіз, жарық пен қараңғы, жақсылық пен жамандық.

Жігіт: Өшпенділігі бітпейтіндер кімдер?

Қыз: Қасқыр мен қозы, мысық пен тышқан, лашын мен құр, құзғын мен жапалақ, бүркіт пен қаршыға.

Жігіт: Бір-біріне сүйенетін кімдер?

Қыз: Әйел еріне, бала ата-анасына, шәкірт ұстазына, халық әкіміне, әкім қайырымдылығына, қайырымдылық ақылға, ақыл тыңғылықты байыпқа сүйенеді.

Жігіт: Кімдерден жақсылық жоқ?

Қыз: Тәжірибесіз зергерден, опасыз достан, арам тақуадан, адамға сенбеген жаннан, мырзалығы жоқ бардан, саулығы жоқ өмірден.

Жігіт: Адамға жарасатын қылық не?

Қыз: Адалдық, еңбекқұмарлық, өнер іздеушілік.

Жігіт: Әдепсіздік, сабырсыздықтан не шығады?

Қыз: Әдепсізде білім болмайды, сабырсызда уәде болмайды,-деп жауап берген екен ақылды қыз сауал қоюшы жігітке.

Автор:
(Жалғасы бар) Жазып алған Әлімбай Әлиасқаров. «Мұсылман күнтізбесінен»