Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚЫМБАТТЫ ХАНЫМДАР!


7 марта 2019, 04:18 | 542 просмотра



ҚЫМБАТТЫ ХАНЫМДАР!

Сіздерді 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен «Жәрдем»газеті ұжымы шын жүректен көктемнің нұрлы мерекесімен құттықтаймыз.

Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.

«Күннің шуағы – жылы, Ананың құшағы – жылы», – дегендей, дүниеде ананың балаға және барша азамзатқа деген мейірімі мен махаббатынан асқан құдірет жоқ. Ананың аялы алақаны мен жылы құшағын сезініп өскен сәбидің арманы не?! Сіздерге биылғы жылы да қуанышы мен қызығын ала келген төл мерекелеріңзбен  көңіл күймен қарсы алып, құшақтарыңыз гүлге толсын деген ақжарылған тілегімізді  білдіреміз.

Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен ақ халатты қыздарымызға жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілейміз!

Автор:
Бас редактор: Шалқар ОрзбаевШалқар Оразбаев