Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Балаларды есек етімен тамақтандырған балабақша жұртты шошытты


4 марта 2019, 04:32 | 1 836 просмотров



Грузияның балабақшаларында қауіпті түскі ас себебінен шу шықты. Кей мекемелерде балаларды сиыр етінің орнына жылқы және есек етімен тамақтандырған

Жылқы еті мен есек еті Аджария, Имеретия және Гурия балабақшалары мен мектептерінде берілген. Ал мұны сараптама нәтижелері растап отыр.

Зертхана материалдарына сәйкес, тауар жеткізушілер бірнеше ай көлемінде сиыр етін әкелудің орнына жылқы еті мен есек етін жеткізіп отырыпты.

"Сараптамада жылқы мен есек ДНҚ көрсеткіші шықты. Алайда, құжатта олар тауарды сиыр еті деп көрсеткен. Бұл қылмыс. Қылмыстық іс қозғалу керек", - деді тәуелсіз сарапшы Теона Чхаидзе.

Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері де тағамнан күмәнданғанын алға тартады. Себебі, тауар жеткізлушілер зертхана сараптамасы берген анықтаманы тастамай кетеді екен.

өп елдерде жылқы етін жесе де, Грузияда онда мәдениет жоқ. Ал есек еті туралы айтарым да жоқ. Енді фермаға айыппұл төлетіп, тіпті, жауып тастауы мүмкін. Ал есек сүті пайдалы, оны сатуға Денсаулықсақтау министрлігі рұқсат берген", - дейді фермер Георгия Ломидзе.

Етті жеткізіп отырған компаниялар сертификаттарынан айырылып, жұмыстарын тоқтатты. Құқық қорғау органдары зертханадан барлық сараптама нәтижелері алынған соң қылмыстық іс қозғалатынын мәлімдеді

Автор:
kaz.nur.kz