Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: ГКП на ПХВ "Областной противотуберкулёзный диспансер

Туберкулез ауруының жұғу мүмкіндігін азайтатын жағдайлар


1 марта 2019, 03:47 | 587 просмотров



Жөтелу гигиенасы ережесін сақтау

Бұл туберкулез микобактериясының жұғуының алдын алудың қарапайым, арзан және тиімді тәсілі. Әр адам жөтелгенде және түшкіргенде сақтайтын қарапайым ережелер бар:

  • Жөтелген және түшкірген кезде бет қол орамалды немесе қолданған соң тастауға ыңғайлы бір реттік қағаз майлықты қолданған дұрыс.
  • Қол орамала жоқ болған жағдайда, науқас тұлға алақанға емес, шынтақтың бүгілген жеріне түшкіргені немесе жөтелгені дұрыс, өйткені әдетінше ауызды алақанмен жабу қол және тұрмыстық заттар арқылы инфекцияның таралуына әкеліп соғады.
  • Қолды сабынмен жиі және мұқият жуу және онымен ерінді, мұрын мен көзді ұстамауға тырысу маңызды.
  • Жабық ғимараттарда түшкірген және жөтелген адамдардан мүмкіндігінше аулақ болуға және олармен ара қашықтықты сақтауға тырысу керек.
  • Қоғамдық орындарда жөтеліп жүрген адамдар айналадағы адамдарға инфекцияны тарату қаупін азайту мақсатында бетперде тағу ұсынылады.

Күн сәулесі мен вентиляция (ауаны тазарту, желдету)

            Күн сәулесі туберкулез микобактериясын өлтіре алады, ал жақсылап бөлмені (отырған орынды) желдету ғимараттарда инфекцияның берілу мүмкіндігін төмендетеді. Сондықтан амбулаторияларда, бөлмелерде, зертханаларда, жағынды алуға арналған кабинеттерде және микробактериялық зертханаларда есіктер жабық, ал терезелер ашық болуы қажет.

Табиғи ауаны тазартуды терезені ашық қоюға болатын жылдың жылы мезгілінде емдік-профилактикалық мекемелердің аумағындағы терапевтік бөлімдер мен басқа мекемелерде іске асыруға болады. Табиғи ауаны тазарту бөлмені немесебөлімді жоспарлағанда кедергісіз атмосфералық ауаның кіруі мен оның терезе арқылы шығуына бөгет болмаған жағдайда жүзеге асады. Пациенттер дәрігердің қабылдауына кезекке тұратын орын, қақырық жинауға арналған бөлімдер, қарау бөлмесі мен бөлімдер сыртқы ортаға байланысты «ашық» болуы қажет.

Желдеткіштерді қолдану кезінде терезелерді ашық ұстау қажет, себебі мұндай жағдайда желдеткіштің жұмысы ауаны араластыру емес, алмастыруды қамтамасыз етуде.

Туберкулез микобактериясының таралу қаупі жабық ғимаратта ең жоғарғы дейгейде болады. Бір терезесі ғана ашық бөлмеде терезге жақын жерде ғана ауа алмасу қамтамасыз етіледі, дегенмен терезеден алыстаған сайын ауа алмасу қарқындылығы боларболмас. Сондықтан ең төменгі тиімді жағдай бөлмеге қарама-қарсы жақта ашық орынның (терезе – бөлме есігі) болуы қажет болып табылады.

Бактеридцидтік ультракүлгін сәуле

Ультра күлгін –көзге көрінетін күлгін және рентгендік жарық арасындағы  аумақтағы электрмагниттік сәуле. Зарарсыздандыратын ультра күлгін сәуленің тиімділігі, негізінен, нәтижесінде ДНҚ-ның қалпына келместей зақымдануына әкелетін фотохимиялық реакцияны білдіреді. Ультра күлгін ДНҚ-дан басқа басқа жасуша құрылымдарына, оның ішінде РНҚ мен жасушалық жарғақшаға әсер етеді. Ультра күлгін аса дәл қару ретінде химиялық дезинфектанттарды қолдану кезінде орын алатын ортаның химиялық құрамына әсерін тигізбей, тура тірі жасушаны зақымдайды. Соңғы қасиеті оны басқа химиялық дезинфекция тәсілдерінен ерекшелейді.

Ғимараттағы әуе кеңістігін ультра күлгін бактерицидтік сәулелендіру ультра күлгін бактерицидтік құрылғының көмегімен жүзеге асырылады. Ол микроорганизмдердің көлемін төмендетуге және инфекциялық аурулардың алдын алуға бағытталған және ғимараттың құрылғылары мен ұстау бойынша санитарлық нормалар мен ережелерді сақтауға ықпал ететін санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) шара болып табылады.

туберкулез микобактериясы бактерицидтік ультра күлгін сәулеге өте сезімтал. Оны қақырық жинау жүргізілетін немесе бронхоскопия жасалатын кабинеттерде қолдану қажет. Дегенмен, ультра күлгін шамдар пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құрамының тікелей ультра күлгін сәулеге душар етпейтіндей қолданылу қажет. Ультра күлгін бактерицидтікшамдар қолданылатын ультра күлгін бактерицидтік құрылғыларды қолдану тіршілік ортасын сауықтыруға тиісті жағдайды қамтамасыз етумен қатар артық сәлеленудің, мөлшерден тыс озонның жиналуының және сынап буының адамға зиянды әсер ету мүмкіндігін жою қажет.

Бетперделер/респираторлар

Хирургиялық бетперделер ауа-тамшылық инфекциядан сақтау үшін қолданылады, дегенмен кейбір жағдайда бетпердені мұрынды лас қолмен ұстағаннан пайда болатын бітелуден сақтау үшін қолданады.

Қарапайым хирургиялық бетперделер түшкірген немесе жөтелген кезде ауа тамшылары арқылы инфекцияның жұғу мүмкіндігін төмендетеді. Жөтелі асқынған пациенттер стационар аумағында жүргенде бетперде тағып жүруі керек. Медициналық қызметкер ауа-тамшылық инфекцияға шалдығуда (қақырық жинау бөлмесі, бронхологиялық кабинетте) шарасыз болған жағдайда бетперде тағуға міндетті.

Медицналық қызметкерлерді туберкулез микобактериясының ауа арқылы жұғуынан сақтау үшін 1 микронға дейінгі көлемдегі бөлшектерді өткізуге мүмкіндігі бар тыныс алу органдарын қорғау құралы қажет.  Респираторлар қажетті сүзу деңгейін қамтамасыз ететін бетперденің ерекше түрі және жиегімен қажетті герметизацияны құрай отырып, бетке тығыз жабысып тұрады. Егер респиратор дұрыс жасалмаса, инфекциялық ауалар адамның тыныс алу жолына еркін кіріп, оның инфекциялануына ықпал етуі мүмкін.

Медициналық қызметкерлер үшін әдетте кемінде 95%-дық өткізу мүмкіндігі 0,3 микрондық диаметрлі бөлшектерге арналған респираторлар ұсынылады.  Респираторлар бір реттік құралға жатады, бірақ оны дұрыс сақтаған жағдайда қайтадан қолдануға болады. Респираторлардың қолдану тиімділігін төмендететін негізгі факторлар ылғалдылық, ластану мен бүтіндіктің бұзылуы жатады. Респираторлар таза және құрғақ орында сақталу қажет. Әдістердің біріне сәйкес респираторды майыстырып алмай, жеңіл орамалға орап қояды. Ылғал ұстайтын болғандықтан пластикалық пакеттерді қолдануға болмайды.

Н.Қ.Смағұл,  Госпиталды эпидемиолог,        

Г.Е.Баймуратова, Инфекциялық қадағалау медбикесі,

КМҚК « Облыстық туберкулезге қарсы диспансері» Талдықорған қ.

Автор:
Н.Қ.Смағұл, Госпиталды эпидемиолог, Г.Е.Баймуратова, Инфекциялық қадағалау медбикесі,