Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Медициналық сақтандыру- уақыт талабы


1 марта 2019, 03:35 | 411 просмотров



Брифинг

Медициналық сақтандыру- уақыт талабы

 

Алматы облысының әлеуметті жеткізушілер дерекқорында 116 медицина ұйымы бар. Олардың 54-і мемлекеттік, 62-сі жеке меншік клиникалар. Биыл олардың қатары толыға түсті. Тағы 16 жеке меншік клиника  мемлекеттік тапсырысты орындауға құлшыныс білдірді. Бұл жайында 22 ақпанда Талдықорған қаласындағы аймақтық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалының директоры Сәбит Құралбек айтып берді. Республикалық, облыстық және қалалық БАҚ өкілдері қатысқан бұл шарада қор басшысы басқа да ақпараттармен бөлісті. Бүгінгі күні денсаулық сақтау субъектілерінен мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу жұмыстары нәтижеленді. 2019 жылы халыққа тегін қызмет көрсететін 84 денсаулық сақтау нысандарымен келісімшарт бекіту аяқталды. Оның 34-і – жеке меншік клиникалар. Ал, медициналық көмек көрсететін жеткізуші-ұйымдармен бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 70,4 млрд теңгені құрады (оның ішінде, мемлекеттік емханалармен – 64,8 млрд теңгенің, жеке меншік клиникалармен – 5,6 млрд теңгенің келісімшарты бекітілді).  Келісімшарт бекіткен емханалар мен клиникалар кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде мемлекеттік тапсырысты орындамақ. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінде қамтылған қызметтерді көрсететін жеткізуші-компанияларды аймақтық комиссия іріктейді. Комиссия құрамында Медициналық сақтандыру қоры, пациенттер мен денсаулық сақтау нысандарының мүддесін қорғайтын үкіметтік емес ұйымдардың және Медицина қызметкерлерінің кәсіподағы өкілдері бар.  Жеке меншік медицина ұйымдары стационарды алмастыратын көмек түрлерін көрсетуге белсенді түрде атсалысып жатыр. Сонымен қатар, стационарлық көмек, емханалық-амбулаторлық көмек, ауылдық жерлердегі емханалық-амбулаторлық көмек, консультативтік-диагностикалық көмек, жоғары технологиялық қызметтер көрсету бағытында да жеке меншік саланың үлесі басым. Қазіргі таңда жеке меншік клиникалар көрсететін медициналық көмек түрлері де көбейді. Мәселен, биылғы жылы олар онкологиялық көмек, жедел медициналық көмек, паллиативті көмек, оңалту және қалпына келтіруге бағытталған көмек түрлерін көрсетуде ерекше белсенділік танытып отыр

Автор:
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалы қоғамдық ақпарат және өтініштерді қарау бөлімінің