Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Мамандықты дұрыс таңдау – Сенің болашаққа бастауың


1 марта 2019, 03:31 | 507 просмотров



КӨКСУ АУДАНЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ

 Мамандықты дұрыс таңдау – Сенің болашаққа бастауың

 

Әрбір жас адамға мамандық таңдау маңызды және нақты қадам.

Қазіргі таңда Көкшетау техникалық институты әртүрлі сипаттағы экстремалды жағдайларда міндеттерді шешуге қабілетті, жоғары білімі бар білікті офицерлерді даярлайтын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің бірден-бір оқу орны болып табылады. Көксу ауданының аумағында Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар комитетiнiң Көкшетау техникалық институтында бiлiм алу туралы үгiттеу бойынша кәсiби жұмысы жүргiзiлуде.

2019 жылдың 26 ақпан күні, Көксу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастырумен, Алматы облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариалық-құтқару жұмыстар қызметі» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі А.Ж.Оразалинов, Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсізігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызметінің бас маманы Г.Қ.Әуелбекованың қатысуымен ауданның білім беру мекемелерінің «11» сыныптарының «220» оқушының қатысуымен Кадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназисының  мәжіліс залында кездесу өткiзiлдi, онда дәріс оқылып, бейнефильм көрсетілді. Институттың білім алу тәртібі мен артықшылықтары туралы және өз түлектеріне  шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, азаматтық пен отан сүйгіштікті, адамгершілік пен салауатты өмір салтының тұрақты негіздерін қалыптастыру бойынша бағыттарға ерекше назар аударатындығы, сонымен қатар, оқушыларға ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу туралы нұсқаулықтар таратылып,  бітіргеннен кейін өзінің болашағын Төтенше жағдайлар қызметімен байланыстырып және құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің қатарын толықтыратындары айтылды.

Толық ақпаратты Көксу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінен ( 2-08-31 байланыс телефоны)  немесе  институт, оның орналасу жері, байланыс телефондары, іріктеу және қабылдау ережелері жайлы ақпарат институттың www.kti-tjm.kz ресми сайтында орналасқан.

 

Автор:
Жанат Құмарбаев, Көксу ауданының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны.