Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: Ана мен бала денсаулығы

Балалар арасындағы туберкулез


1 марта 2019, 03:26 | 1 649 просмотров


Туберкулез – созылмылы жұқпалы және әлеуметтік ауру.

Микобактериялары өте төмен температурада кепкен күйінде де тірішілігін сақтайды,әр түрлі қышқылдар  негіздер ,спирт әсер етпейді.

Организмге жоғарғы тыныс жолдарының және ас қорыту ағзаларының шырышты қабаты арқылы қанға және лимфаға, анасынан құрсақтағы балаға плацента арқылы өтеді.

Жұқтырудың негізгі көзі: 1. Науқас адамның жөтел, қақырығымен ауадағы шаң-тозаң арқылы.  

  1.   Ауырған малдың етімен, сүті арқылы.

Балалар арасындағы туберкулездің алуан түрі бар. Ол әдеттегі суық тиюді, яғни өкпе кабынуын немесе тұмауды еске салып, өзіне тән симптомсыз өтуі мүмкін.

Тән белгілері :

     -дене кызуының артуы басым күйде кешкі уақытта

     -түнге қарай терлеу, нашар ұйқы

     -тәбет пен дене салмагының төмендеуі

     -оқу үлгерімінің нашарлауы, айналадағы қызығушылық азаюы.

Балаларда Манту екпесі алғашқы рет оң нәтиже көрсеткенде алғашқы инфекциялану болып саналады Дифференциалдық тұрғыда   кейінгі жылдары диагностикалық  Диаскин тест қолданылады  Бұл әдіс бала ағзасында патогендік микобактерияның бар жоғын анықтайды . Бұл жағдайда 6 ай химиопрофилактикалық ем тағайындалады.  Дер кезінде ем, аурудың қозуына жол бермейді.     Балаларда кезігетін туберкулез түрлері:

    Өкпе, плевра, без, сүйек, буын, ми кабаты, ішек, көз, тері және т.б.

Туберкулез  интоксикациясы:  микобактериялар организмге енгенімен, белгілі бір ағзада шоғырланып үлгермеген, балада жалпы жағдайының бұзылу  белгілері байқалады: тез шаршағыш, мазасыз,басы ауырып, көп терлейді, салмақ қоспайды, субфебрильді температура байқалады.

Манту белгісі оң нәтиже береді .

Қанда лейкоцитоз, СОЭ жоғарлайды, шеткі лимфа түйіндері ісініп,қатаяды.

Бірінші туберкулездік жиынтық  (ПТК):  инфекция өкпе тканін зақымдап, туберкулездік қабыну ошағы (Очаг Гона) пайда болады. Қабыну процесі өкпе, лимфа түйіндерін қамтиды.

Туберкулездік бронхоаденит: өкпе түбіріндегі  лимфа туйіндерінің қабынуы.

Өкпенің  ошақты туберкулезі:  өкпенің бірнеше сегментерінде диаметрі  1см қабынуы ошақтары болады, тек рентгенологиялық тексеру барысында анықталады.

Өкпенің  инфильтративтік туберкулезі:  эксудативті қабыну өзгерістерімен сипатталады. Тұмау,бронхит,пневмония белгілеріне ұксас болғандықтан,ажырату қиынға соғады. Анықтау үшін міндетті түрде рентген тексеріс пен Манту сынамасы қажет.

Туберкулездік плеврит:  көбінесе аллергияға бейім балаларда кездеседі.

Жедел басталады, дене кызуы 38-39 градус, көкірегі, бүйірі шаншып ауырады.   Зақымданған жағының қозғалысы тарылып,  аускультацияда өкпе дыбысы естілмейді.  Рентгенограммада – өкпе ткані  көрінбейді.

   Туберкулезді менингит:  барлық жастағы балаларда кездеседі, ең ауыр  асқынған қауіпті түрі.   Көп ауырғыш, әлсіз, жүдеу балалар жиі шалдығады. Бұл аурудың басталуына, балалардың көкжөтелге, қызамыққа, қызылшаға және басқа жұқпалы сырқатқа шалдығуы, құлап бастарын жарақаттап алуы себеп болуы мүмкін. Клиникасы: басы қатты ауырып, себепсіз құсу, бұлшық ет тонусының жоғарлауы, менингиальды белгілер (Керниг- Брудзинский симптомы).

Диагноз жұлын- ми сұйықтығын тексеру және Манту сынамасын қою арқылы анықталады. 

Ең жиі кездесетін түрі: Лимфа безінің туберкулезі (ЛБТ).

Бала организміндегі  ішкі және сыртқы бездер иммундық қорғаныштық  роль атқарады. Мұндай жағдайда сыртқы тамақ, қолтық, мойын  т.б және бронх, өкпе бездері қабынып, ісінеді, кейде бір-біріне қосыла ісініп, үлкейіп кетеді. Дер кезінде емделмесе жақын жатқан тыныс жолдарына шауып, дем алысын қиындатып, одан әрі дамуына себеп болады. Ауру күшейе келе сырқат баланың тәбеті нашарлап, жүдей бастайды.

Көздің туберкулезі соңғы кезде  жиі кездеседі.

Алғашында көзі жасаурап, оқтын-оқтын қызарып жүреді, кейінірек іріңдей бастайды. Бала жарыққа   қарай алмай, көзі шаншып ауырады, нәтижесінде көзіне ақ түседі. Көріп отырсыздар, үлкендерді айтпай-ақ, туберкулез бала организмін қалай зақымдайтынын .

Естеріңізде болсын, перзентханада  нәрестеге 3-4 күні БЦЖ вакцинациясын, 6-7 жас (1кл) қайта егу ревакцинациясын бала иммунитетін нығайту үшін жасайды. Манту әдісі бойынша инфекциялануын қадағалау, ауруды тудырмау қадағаланады. Соңғы кезде вакцинациядан бас тарту ата-аналар арасында бет алып жүр. Өкінішті-ақ..

Қазіргі заманда баланың иммундік жүйесін кез-келген инфекциялық ауруларға қарсы  тұруын

нығайту қажет.Теріс ұғымдарды бойларыңызға сіңіріп алып, өз балаңыздың болашағына қауіп төндірмеңіз.Бала- ұлт болашағы,ел намысы!  Соны ойлаған әлдеқалай дұрыс болар еді.

    

 

 

Автор:
М.К.Оразгалиева, Қарасай аудандық орталық ауруханасының фтизиопедиатр дәрігері.