Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: ГКП на ПХВ "Аксуская центральная районная больница",

Қос шағала


1 марта 2019, 03:20 | 1 056 просмотров



Әрине шағала дегенге ойлап қаларсындар, дарияның бетінде қалықтап ұшатын құс шығар деп. Бірден айтайын Ақсу ауданының ауруханасында талай жыл еңбек етіп келе жатқан Серік пен Дәметкенге 40 жылдан аса уақыт өтіпті. Ерлі- зайыпты дәрігерлер еді. Осы екі дәрігердің үстіндегі киген ақ халатты самал желмен етектерін жайып қалықтап ұшып келе жатқан кіршіксіз таза шағалалар секілді әсер қалдырды. Жақсы жандардың қол ұстасып келе жатқаны бір ғанибет емес пе?  Иманғалиева Дәметкен Жұмажанқызы жоғары білімді, Семей қаласынан медициналық институтты  бітірген. 1979 жылдан бастап осы Ақсу  ауруханасында жұмыс істеп келеді. Серік Имағалиев жоғары білімді,  лор дәрігері қызметін атқарады, ал Дәметкен көз дәрігері.  4 баласы бар.  Барлығы тәрбиелі, жұмыс істейді. Серік пен Дәметкен бір – біріне ұқсас жандар: мінездері жайдары,  ашық – жарқын, өзіне  берілген міндеттерін атқарып келе жатқан дәрігерлер.  Осы Дәметкенмен бірге сәуле деген медбике жұмыс істейді.  Ол Дәметкеннің ұстамын, тәрбиесін бұлжытпай орындап келе жатқан  жан. Көп жыл тер төккен еңбектері еленіп, Дәметкен «Алтын дәрігер» медалімен марапатталған, ал Серік болса көпшіліктің ризашылығына бөленген жұмыс ардагері. Бір үйден екі дәрігер мүлтіксіз ел үшін көп жылдан бері тер төгіп келеді. Осы екі дәрігері Ақсудың ақ шағаласы, ақ халатты абзал жандары деп халқы сыйлайды.

            Мен 2010- 2011 жылдары көзіме ота жасатып, содан бері Дәметкеннің қарамағында көздің тіркеуінде тұрамын.  Әрбір 6 ай сайын көзімнің ауруы глаукома бойынша облысқа барып емделіп жүрмін.  Бұл келешекте сөнетін ауру екен. Мені аяқ астынан соқыр болып қалудан сақтап, жоспар бойынша емдеп келеді.  Дәметкеннің айтқанын бұлжытпай орындап келемін. Зейнеткерлікке қарамай қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеп келеді. Көңілім осы екі дәрігерге өте риза болғандықтан бір – екі ауыз өлең арнаймын.

            Серік пен Дәметкен қос шағала,

            «ұлы мен қызы» емес пе «Ұлы дала»

            Дарияның жарға соққан толқынындай

            Қосылған мөлдір махаббат қосақтала.

 

 

            Бір шаңырақ астында екі дәрігер,

            Жан аямай еңбек еткен қос шипагер.

            Дәметкен жеңіп алған «Алтын дәрігер» медалін,

Серігім білімі биік, өрісі кең ардагер.

 

Халқымыздың қөз қарасын ескере отырып, біздің еңбегі сінген дәрігерлерімізді кележатқан «Алғыс айту» күнінмен құттықтап, үлкен алғыс айтамыз.     

Автор:
Ризашылық білдіруші: Әсет Далғабаев Ақсу ауданы Арасан ауылының тұрғыны Ақсу аудандық орталық ауруханасының ұжымы