Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ақпарат арнасы


16 июля 2010, 09:39 | 1 588 просмотров


Сібір жарасы бойынша карантин тоқталды

ҚазАқпарат бұрын хабарлағандай, Павлодар облысында сібір жарасы бойынша жарияланған карантин тоқтатылды.

Шілденің 10-ы күні арнайы өткізілген баспасөз мәслихаты барысында облыс басшысының орынбасары Александр Верб-няк маусымның 20-сы күні сібір жарасын жұқтыру оқиғасы тіркелген Ақсу ауылдық зонасындағы Жолқұдық ауылдық аймағындағы карантинннің тоқтатылғанын ресми түрде жариялады.

Жедел түрде инфекцияның себебі анықталды - ауру малды ветеринарлық қызметінің рұқсатынсыз сойып, тамаққа қолданған. Тексеру барысында сібір жарасын жұқтырған жеті адам, 119 қатынаста бол-ған адам анықталған, оның екеуі көз жұмды.

Ауруханада жатқан бес адамның жағдайы қанағаттанарлық.

Ақсу қаласы әкімінің бұйрығымен карантин шілденің 10-ы күні тотқатылды.

Қазақстанда гемобластоз-созылмалы мелалейкозбен ауыратын 600-ге жуық мүгедек бар

Қазақстанда ресми түрде 600-ге жуық гемобластоз-созылмалы мелалейкозбен ауыратындар тіркелген. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Созылмалы мелалейкозды емдеудегі және науқастарды халықаралық стандарттарға сәйкес замануи тиімді дәрімен қамтамасыз етудегі үздіксіздік» атты конференция барысында айтылды.

«Гемобластоздармен сырқат мүгедектер қоғамдастығының» вице-президенті Тамара Каленчуктың айтуынша, бұл нау-қастарға өмір бойы өмірлік маңызы бар препараттарды қабылдауға тура келеді. Сондықтан тиімді терапия мәселесі медициналық мәселелер қатарынан медициналық-әлеуметтік мәселелер қатарына өтті. «Осыған байланысты осы аурумен ауыратын адамдардың бастамашыл тобы бірігіп, қауымдастық құрған едік. Басты мақсат науқастардың басын біріктіру, ауруды зерттеу, емдеу сапасын арттыру. Сонымен қатар аурулардың құқықтарын қорғау, аурудың алдын-алу мен оларды қараушы туыстарын үйрету үшін емделушілер мектебін құру», дейді Т.Каленчук.

Қазақ Ұлттық онкология және радиология институтының гемабластоздар бөлімінің меңгерушісі Светлана Сұлтанғазиеваның айтуынша, Қазақстанда соңғы 5 жылда гемобластозбен ауыратындар мен өлім көрсеткіші тұрақты түрде қалып отыр. Яғни, өсу мен төмендеу жоқ. Аймақтар бойынша Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында ауру мен өлім көрсеткіші жоғары болып отыр. Жалпы, елімізде бұл аурумен ауыратындардың жалпы саны 2005 жылы 1368 адам болса, 2009 жылы 1257 адам болған.

Конференция барысында аурулар санын азайту мен науқастардың дәрімен қамтамасыз етілуі, емдеудің халықаралық стандарттарына көшу мәселелері талқыланды.

Министір Кәрім Мәсімов Қостанай перзентханасында болды

Үкімет басшысы Қостанай перзентханасында медициналық қызмет көрсетудің сапасы, кадрлық қамтамасыз ету жөнінде сөз етті.

Қостанай облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қостанай перзентханасында болды.

Үкімет басшысы облыстың медициналық мекемелері басшыларымен кездесулер өткізіп, медициналық қызмет көрсетудің сапасы, кадрлық қамтамасыз ету және «Салауатты Қазақстан» денсаулық сақтау бағдарламасының жобасы мәселелерін талқылады.

Перзентхана ғимараты 1978 жылы салынған, 9 бөлімшесі бар. 2008-2010 жылдары оны жөндеуден өткізуге және жарақтандыруға 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазіргі күні мекемеде 52 дәрігер мен 155 орта буын медициналық қызметкер жұмыс істейді.