17 сентября 2009, 20:28 | 3 108 просмотров
Түркия елінің бнлгілі ғалымы доктор Халиқ бәкий былай дейді:
Мен лупа арқылы дәрігерлік картаны қарап отырып, бір фотосайтқа көзім түсіп, аң-таң болдым. Ондағы жүректің суретінде біздің Тәңіріміздің есімі - «АллаҺ» деген жазу жазылған екен. Өз көзіме өзім сенбей, аныңтап қарадым. Ал, жазу анық, қолмен жазылғандай әдемі.
Көңілімдегі күмәннан арылу үшін, қабырғада ілулі тұрған легеншедегі «АллаҺ» деген сөзге қарадым. Екеуін салыстырдым да, екеуінің де бірдей екеніне көзім жетті. Жүректегі жазудың «АллаҺ» деген сөз екеніне күмән қалмады.
Бұл жазу кездейсоқ нәрсе болуы мүмкін бе? Бұл жазу осы суретте ғана ма? Бұл сұрақтардың жауабын мен операция жасау кезінде ғана табуым мүмкін. Өз көзіммен көрмей, көз жеткізу қиын. Сөйтіп, кейіннен операция жасаған кезімде әрбір жүректе дәл осындай жазу бар екеніне көз жеткіздім.
Бәлкім, қайсібір сенбейтін скептиктер мысқыл мен жымысқы күлкіге кенелер. Сенбесе мейлі, сол сенбейтіндердің жүрегінде осы жазу бар. Жүрек клеткалары бұлшық ет талшықтарының тұтасып араласуынан тұрады. Әйтсе де, «АллаҺ» деген мөр басылған жерінде осы жазу анық көрінсін деп әдейі жаратылғандай, ол жерде осындай талшықтар жоқ. Сондай-ақ жүрек «АллаҺ!», «АллаҺ!» деп соғады.