Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тұрмысы нашар отбасылар мен халықтың қауқары аз топтарынына аралау рейдтары жүргізілуде


19 февраля 2019, 05:58 | 1 557 просмотров



Жылу беру маусымы – тұрғын үй секторында өрттердің туындауы әдеттегіге қарағанда анағұрлым көп болатын кезеңі.

Осыған орай, 2019 жылғы 16 ақпанында Көксу ауданы, Мәмбет ауылында «Тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігі күні» ұйымдастырылып өткізілді. Аулаларды аралап шығу үшін, Көксу ауданының ТЖБ қызметкерлері және Балпық би ауылындағы 32-ӨСБ жеке құрамы, барлығы – 13 адам, «Көксу ауданының Жастар ресурстық орталығының жетекшісі К.Дуйсенбаев, «Нұр Отан» партиясы ішіндегі «Жас Отан» Жастар қанатының волонтерлары – 6 адам, «Көксу жастары» қоғамдық бірлестігінің еріктілері – 2 адам, сонымен қатар «Лабасы ауылдық округі әкімі аппараты» ММ – 5 маманы ерікті негізде профилактикалық іс-шараларға қатысты.

Мәмбет ауылында 325 аула араланып, тұрғындармен 3 жиын өткізілді. Аула аралау барысында көп балалы жағдайы төмен отбасылар, жалғыз басты қарттарға, зейнеткерлерге аса назар аударылып рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Рейд барысында азаматтардың жеке меншік үй жайларындағы жылыту пештерінің жай-күйі қаралып, пешті пайдалану талаптарына басты назар аударылды. Тұрмыстық газ, электр құрылғыларын пайдаланудағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Аталған тақырыптарда жадынамалар таратылды.

Тұрмысы нашар отбасылар, халықтың қауқары аз топтарынын аралау рейдтары жалғасуда. Басты мақсат өрт қауіпсіздігін сақтауға шақыру, жалпы тілсіз жаудың алдын алуға бағытталған.

 

Автор:
Көксу ауданының ТЖБ инженері азаматтық қорғау аға лейтенаты Касенов Жасулан Сейтжанович