15 февраля 2019, 04:47 | 1 856 просмотров
«Дені саудың – жаны сау» демекші, денсаулығы аздың рухы алсіз болатыны даусыз. Рухы әлсіз адам өз тәнін аурудан қорғау жолында әлсіз болары белгілі.
Деніміз сау болмаса шалқыған байлықтан, қалтадағы ақшадан не пайда?! Денсаулық Алла Тағаланың адамға берген аманаты, оған адам қиянат жасамай, дұрыс бағалай білу қажет. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп дана халқымыз бекер айтпағаны белгілі. Қазіргі таңда сол аурулардың саны қаншалықты көбейген сайын қарсы қолданар дәрі-дәрмектің де көптеп жасалып жатқаны шындық. Сол дәрі-дәрмектердің санатында аты жаман аурулардың алдын алатындары да бар. Оның бірі – білгір мамандардың (дәргерлердің) пайдалы кеңестері.
Аумалы-төкпелі жастардың өмірінде жұқпалы аурулардың таралу қабілеттілігі басым. Оған себеп те жоқ емес. Тіпті көп. Маман ретінде солардың ең басты, жиі орын алатын жолдарына тоқталып, бетін қайтару мақсатында өз кеңестерімізді ұсынып отырмыз. Адамзат баласының болашығы – жастардың өмірі күллі елім деген саналы азаматтардың уайымы болуы керек. Біз сақтандырып отырған тілсіз жаулардың санатында АИТВ (Адамның иммун тапшылығы вирусы) мен ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) аса қауіпті. Жастардың ұрынатын жері – осы. Өкінішке қарай, әлемде әлі АИТВ-ға қарсы тиімді вакцина жоқтың қасы. Сондықтан сенім болашақ жас мамандарда. Қатарластары мен замандастарына, соңынан ерген іні-қарындасқа АИТВ жұқпасының қауіп-қатерін түсіндіріп, үнемі хабардар етіп отырса құба-құп. Бұның барлығын ел ертеңі – жастарымыз үшін жыл бойы ұйымдастырылатын мектеп, колледж, т.б. мекемелердегі арнайы семинар, кездесулерде үнемі айтып, саналарына құюға тырысамыз. Жуырда Талғар қаласындағы жалпы білім беретін бірнеше мектеп пен Талғар политехникалық колледжі, сондай-ақ Агробизнес және менеджмент колледжінде оқушы, студент жастармен кезекті семинар өткізіп келдік. Жастарға әзірге АИТВ жұқтырудың алдын алу бар болғаны мынадай алдын алудың жалпы шарасымен ғана шектелетінін айттық:
Жастардың өмірінің мәнді де мағыналы болуы үшін салауатты өмір салтын ұстану аса маңызды. Өз мемлекетіңді АИТВ және есірткіден, нашақорлықтан сақта, өз ұлтының санын өсір. Дүниеге дені сау ұрпақ әкел!
«Иман – қой, ақыл – қойшы, нәпсі – бөрі,
Бөріге қой алдырмас ердің ері!» – деп бірауыз сөзбен қайыра салған қайсар қазақ екенімізді ұмытпасақ болғаны.
Олай болса, денсаулыққа зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болайық. Жаман әдеттерден аулақ болудың жолы – адам баласының өзін-өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы, жеке бас және қоғамдық тазалықты сақтауы, спортпен айналысуы, зиянды нәрселерден аулақ болуы.
Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі – жас ұрпақтың дені сау болса ғана шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз.
Алматы қаласы, Орманов көшесі №17-үйде және Талдықорған қаласы, Медеу көшесі №3-үйде орналасқан облыстық ЖИТС орталығында аймақ тұрғындары үшін АИТВ жұқпасына тексерілу тегін жүргізіледі. Орталықтың психо-әлеуметтік кеңес беру кабинетінен анонимді түрде кеңес алуға да мүмкіндік бар.