Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Обырсыз өмір!


15 февраля 2019, 04:08 | 1 667 просмотров



Обырсыз өмір!

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша онкологиялық аурулардың кемінде үштен бір бөлігінің алдын алуға болады.

Дегенмен, салауатты өмір салты адамның онкологиялық ауруға шалдығу мүмкіндігінің мүлде болмауына кепілдік бере алмағанымен, салауатты өмір салтын таңдаған адамдарда қатерлі ісіктің кейбір түрлеріне шалдығу қаупі төмендеген. Онкологиялық аурулардың алдын алу үшін медициналық қызметкерлер беретін белгілі бір әмбебап ұсыныстар бар. Бұл шаралар салауатты өмір салты ұғымына кіреді және біздің ағзамыздың онкологиялық аурулардың дамуын алдын алу қабілетін жақсарта алады.

Семіздік пен аз қозғалысты өмір салты қатерлі ісіктің кейбір түрлеріне, оның ішінде тоқ ішек пен сүт безі обырына шалдығу қаупін арттыруы мүмкін.

Пассивті шылым шегу – шамамен төрт мыңға (кейбір мәліметтер бойынша жеті мыңға) жуық химиялық қосылыстардан тұратын темекі түтінін екіншілікті жұту, олардың көбі қауіпті ауруларға шалдықтырады. Химиялық қосылыстар темекі шегушіге ғана емес, қоршаған адамдарға да зиян келтіреді. Пассивті темекі шегу жиі канцерогенді және өкпе обырын, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары аурулары және тыныс алу жүйесінің аурулары тудыруы мүмкін.

Пассивті шылым шегудің балаларға қауіп-қатері

Балалар үлкендерге қарағанда пассивті темекі шегудің қауіптеріне көбірек бейім, себебі оларда тыныс алу жиілігі жоғары және олардың ағзасы өсуде.

Көптеген зерттеулерге сәйкес, екіншілікті темекі түтінінің әсеріне тұрақты ұшыраған балаларда мынадай аурулар дамиды:

  • респираторлық мүшелердің аурулары: бронхит, пневмония, бронх демікпесі;
  • отит;
  • жүрек-қантамыр ақаулары;
  • асқазан-ішек жолдарының аурулары: тітіркенген ішек синдромы, шаншулар;
  • ауыз қуысының ауруы, тісжегі;
  • баланың дамуының тоқтауы, аса белсенділік, зейіннің бұзылуы, оқудан қиналу. 

Сондай-ақ пассивті шылым шегу бастың үнемі ауыруына шалдығуын, көздің шырышты қабығын тітіркендіруін, тамақтың қабынуы мен дауыстың қарлығуын тудыруы мүмкін.

Баланың пассивті шылым шегудің жанама әсерінің қауіпті салдарынан зардап шекпеуі үшін түтінсіз қоршаған ортаны қамтамасыз ету және сақтау қажет.

Жамбыл ауданында 5 ақпаннан 15 ақпан аралығында Дүниежүзілік онкологиялық аурулармен күрес күніне орайластырылған «Обырсыз өмір!» ұранымен онкүндік өтті. Онкүндік кезінде  Ынтымақ ауылдық амбулаторияда және орталық емханада онколог, маммолог дәрігерлердің қатысуымен Ашық есік күндері  өтті. Оқушылармен халық арасында : «Онкологиялық аурулардың алдын алу», «Дұрыс тамақтану», «Темекі, насывай, ішімдіктің зияны » туралы ақпараттық т үсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 А.Қарсақбаев атындағы орта мектебінде аталған онкүндікке орай СӨСҚ мамандары және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері «Обырсыз өмір!»- ұранымен 7 сынып оқушылары арасында эстафеталық ойындардан жарыс өтті. Жарыстың мақсаты : оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру, зиянды әдеттерден аулақ болу.

Автор:
А.К. Сатова, валеолог Жамбыл аудандық ауруханасы