Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ТМККК аясында дәрі-дәрмекті үздіксіз жеткізу мәселесі Астанада қалай шешілуде


15 февраля 2019, 03:23 | 1 317 просмотров



ТМККК аясында дәрі-дәрмекті үздіксіз жеткізу мәселесі Астанада қалай шешілуде
Биыл медициналық ұйымдар жыл аяғында дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау үшін өздерінің жеткізушілерімен мерзімсіз шарт түріне ауысады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Ол туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров тұрғындармен есептік кездесу барысында айтты. Кездесу қалалық №10 емханада өтті. Тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша сұрақты «Өмір сыйы» республикалық қоғамдық қорының басшысы Сандуғаш Орынбаева қойды. Ол бастарынан трансплантация кешірген науқастардың зертханалық диагностикалық проблемалары туралы айтып берді.   «Бізді өзіндік қымбат тұратын зерттеулерді жасаушы зертханалармен шарттардың кешіктіріліп жасалатыны толғандырады. Өзіңіз білетіндей, біздің пациенттер иммунитет концентрациясын бақылауы тиіс, ол үшін апта сайын болмаса да, екі аптада бір рет такролимус сияқты талдамаларға анализ тапсыруы тиіс. Әр жылдың басында немесе аяғында осындай мүмкіндік болмай қалады. Жыл аяғында зертханалар мен емханаларда арнайы лимит таусылады. Меніңше, осындай анализдерді жоспарлау кезінде аса жоғары бақылау керек. Сізден жоспарлауды нақтылап, келісімшартты уақытылы жасап, тиісті мерзімде қаражатпен қамтамасыз етуіңізді сұраймыз», – деді Сандуғаш Орынбаева.   Қамалжан Надыров тегін дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету және анализдерді уақытылы тапсыртуға аса мән беру керектігін мойындап, ведомствоның осы мәселені қалай шешетіні туралы айтып берді. «Осы жылдан бастап біз жаңа практикаға көшеміз. Биыл біздің медициналық ұйымдар жыл аяғында дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау мақсатында өздерінің жеткізушілерімен мерзімсіз шарт түріне ауысады. Біраз мекемелер осыған өтті, біз кепілдік хатты қолданып жатырмыз. Ол қолында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт болмаса да, хаттың негізінде қызмет көрсете беруге мүмкіндік береді», – деп айтты Қ. Надыров.


Автор:
http://astana.gov.kz