Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: ЗДОРОВЬЕ

Дәрігерлер туылмаған сәбиге ота жасап, анасының құрсағына қайта салды


13 февраля 2019, 05:12 | 1 658 просмотров



Бернем тұрғыны Бетан Симпсонның сәуірде туылуға тиіс сәбиі құрсақтан шығарылып, оған ота жасалған. Дәрігерлер кейін шақалақты қайта орнына салды 

Ұрық дамуында ақау бар екені кезекті тексеріс кезінде анықталған

Дәрігерлер жүкті келіншекке баланы алып тастау немесе ота жасатуды ұсыныпты. Келіншек ота жасатуға келісімін берген

Ақ халаттылар шақалаққа жатырлық дамудың алтыншы айында ота жасады. Ол үшін әлі дүниеге келмеген сәби ана құрсағынан шығарылды. Отадан кейін ол қайтадан жатырға салынған

Ота сәтті өтіп, баланың дамуы әрі қарай жалғасуда. Қыз бала сәуір айында өмір есігін ашуы керек

Статистика бойынша, Ұлыбританияда осындай ақауы бар балалардың 80 пайызын аналары туылмай жатып алып тастайды

Баласын аман алып қалған британдық келіншек әйелдерді заманауи медицинаның мүмкіндіктеріне сенім артуға шақырды

Автор:
kaz.nur.kz