Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Тәуелсіз елдің ұрпақтары»-атты жастар жылының ашылу салтанаты болып өтті


12 февраля 2019, 15:46 | 1 113 просмотров



Бүгін 12.02.2019жылы Талдықорған жоғары медициналық колледжінде "2019-жастар жылына" орай «Тәуелсіз елдің ұрпақтары»-атты жастар жылының ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу салтанатына колледжіміздің директоры, қалалық мәслихат депутаты, м.ғ.к. С.М.Жансеңгіров, Алматы облысы жастар ресурстық орталығының "Оқушы, студент және жастармен, үлкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істеу" бөлімінің басшысы Д.Н.Нұртаев, Алматы облысты жастар ресурстық орталығының бөлім басшылары, колледждің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі А.Манарбекқызы, жастар комитет жетекшісі Д.С.Асқанбаев қатысты. Жиынға «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, еріктілер қозғалысы, жастар комитеті сектор меңгерушілері, колледжішілік жайдарман, дебат клуб мүшелері, оқуда және спортта озат болып жүрген жастар жиналды. Құттықтау сөз сөйленіп, жастардың пікірлері тыңдалды. Колледжімізде істелініп жатқан жұмыстар мен атаулы жылдың жоспары туралы айтылды. Білімгерлердің жеткен жетістіктері көрмеге қойылса, колледж өнерпаздарынан құрылған "Ақжайық" домбыра үйірмесі "Балбырауын" күйін орындады. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.