17 сентября 2009, 20:27 | 7 212 просмотров
ТЖА анемиялардың ішінде ең көп тарағаны. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіштері бойынша 700 млн адам ТЖА ауруына шалдыққан оның, ішінде 5-20% бала туатын жастағы әйелдер, 21-80% жүкті әйелдер.
ТЖА – адам тәніне темірдің түсуі мен сіңірулуінің бұзылуына байланысты қанда гемоглобиннің төмендеуімен сипатталатын патологиялық жағдай.
Этиологиясы:
1) Органимнің темірге қажеттілігінің артуы.
2) Темірдің тамақпен бірге аз мөлшерде түсуі.
3) Асқазан – ішек трактісінде қорытылуының төмендеуі.
4) Қан жоғалту.
Клиникасы: әлсіздіктің өршуі, тез шаршау дене қозғалғанда бастың айналуы, көздің қаратуы, бас ауруы, жұмыс жасағанда тез ентігу, бұлшық еттердің әлсіздігі (түнгі уақытта, қатты күлгенде, түшкіргенде, зәрді ұстамау, үлкен дәретке қаталау, т.б.), дәм сезудің өзгеруі (бор, известь, топық, шикі нан, шикі ет, жұмыртқа қабығын жегісі келуі), иіс сезудің өзгеруі (бензин, керосин, ацитон, бояуды, әтірді иіскегісі келуі).
Ауруды қарағанда: терінің бозғылт болуы, жүрек қағысының жиілеуі, қан қысымының төмендеуі, терісі, шашы құрғақ, шаштың түсуі, тырнақтардың сынуы, атрофиялық гастрит болады.
Диагностика: қан талдауында анизацитоз, поикилоцитоз, микроцитоз, анизахромия, гемоглобиннің төмендеуі, түсті көрсеткіштің төмендеуі, темірдің сарысуда төмендеуі, бос трансфининнің көбейуі, десфаль анықтауы зәрде оң нәтиже беруі, нәжісті жасырын қанға тексеру, ФГДС, гинекологиялық қарау.
Темір жетіспеушілік анемияның үш түрі болады:
1. Жеңіл түрі (гемоглобин мөлшері 110 – 90 г/л)
2. Орташа түрі (гемоглобин мөлшері 90-70г/л)
3. Ауыр түрі (гемоглобин мөлшері 70-тен төмен)
Емдеу:
1. Дұрыс тамақтану (ет, балық, құс еті, теңіз өнімдері, С дәрумені, кальций, дәнді-дақылдар)
2. Темір препараттары (ферлатун, феррофлекс, актифирин, ранфирон, гемофер, феркайл, касмофер, феррумлек т.б.)
3. Симптоматикалық емдеу.
Алдын-алу шаралары: ТЖА болуы ықтимал адамдар донорлар, әйелдер, жасөспірімдер, бір жасқа дейінгі балаларға жасалады.
Жүкті әйелдерге жүктіліктің ІІ, ІІІ триместрінде және босанғаннан кейін алты айға дейін темір препараттарын қолдануы тиіс.
Темірдің профилактикалық тәулік мөлшері үлкендерде жетісіне 120мг, ал балаларға 60мг алты ай бойы ішу керек.
Қортынды: ТЖА-ны көбіне адамдар байқамай жүре береді, оны кездесоқ гинекологиялық тексеру кезінде немесе дәрігерге басқа аурумен қаралғанда анықталады. Сондықтан адамдар өз денсаулығына дұрыс көңіл бөліп дұрыс тамақтанғаны жөн. Егер аурудың белгілері болса, тез арада дәрігерге көріну керек. Қазіргі уақытта медицинада ТЖА-ны емдеуге барлық жағдай жасалынған.
Жұмыс тәжірибесі: 2006 жыл – 25 адам Д-қадағалауда.
2007 жыл – 18 адам Д-қадағалауда.
2008 жыл – 12 адам Д-қадағалауда
ТЖА-ның төмендеуі ауруларға темір препараттарының тегін бөлінуіне және адамдардың сапалы өмір сүруі артуына байланысты.