Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2019 жылдың


11 февраля 2019, 06:09 | 2 238 просмотров



Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2019 жылдың алғашқы айында халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 142,1 млрд теңге төледі. Қаржы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде бөлінді.

«1 ақпандағы мәлімет бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 142,1 млрд теңге төленді. Бұл жалпы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 16,8 пайызын құрайды. Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді МСҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова.