Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Басқарма бысшысының ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары тағайындалды


7 февраля 2019, 11:11 | 1 060 просмотров



Басқарма бысшысының ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары тағайындалды

Ембергенова Магрипа Хамитқызы, медицина ғылымдарының докторы, МВА, денсаулық сақтаудың жоғары санаттағы ұйымдастырушысы, Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Магрипа Хамитқызы денсаулық сақтау жүйесінде шамамен 25 жыл жұмыс істейді, оның ішінде 10 жылдан астам басқарушылық лауазымдарда қызмет атқарған. Акушер-гинеколог қызметінен бастап, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде, Назарбаев Университетінің Корпоративтік қорында басшылық лауазымдарына дейін жетті.

Магрипа Хамитовнаның басқаруымен Қазақстанда ДДҰ ұсынған тиімді перинаталды технологияларды енгізу бойынша жұмыс басталды, тірі туу мен өлі туу критерияларына көшу туралы құқықтық-нормативті актілер әзірленіп, енгізілді, сондай-ақ, перинаталдық көмектің сапасын бағалау жүйесі, БҰҰ қорларының тығыз ынтымақтастық және техникалық қолдауымен халықаралық стандарттарға сәйкес (ДДҰ, ЮНИСЕФ және ЮНФПА және т.б.) ана өлімінің құпия аудиті енгізілді.

Бұдан басқа, ол Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін енгізу және жүзеге асыруға ат салысып, медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылаудың ұлттық жүйесінде мол тәжірибені иемденді. Сонымен қатар, JCI халықаралық клиникалық тәжірибеде аккредитация стандарттарын енгізу тәжірибесі бар.
Ана мен бала денсаулығы саласындағы жұмысының жетістіктерінің бірі оның жұмысына БҰҰ-ның Халықаралық сарапшылар тобының оң бағасын бергені (2013 жылы).

Білімі - Қарағанды мемлекеттік медицина институтын акушер-гинеколог мамандығы бойынша; «Тұран-Астана» университеті заңтану мамандығы бойынша; «Алматы Менеджмент Университеті» ЕҰ Бизнес Іскерлік Магистрін бітірді.

Халық денсаулығын қорғауға қосқан жеке үлесі үшін денсаулық сақтау саласының жоғары жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің дипломымен, облыс әкімдерінің және ҚР Денсаулық сақтау министрі атынан алғыс хаттармен марапатталды.