Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: ГКП на ПХВ "Талдыкорганская городская поликлиника

МӘМС- дың төлемдері туралы жұмыс берушілер нені білу қажет?


7 февраля 2019, 03:40 | 2 179 просмотров



МӘМС- дың төлемдері туралы жұмыс берушілер нені білу қажет?
Жұмыскерлер үшін аударымдар: 1,5%-2018-2019 жылдары, 2%-2020-2021 жылдары.
Жұмыскерлердің жарнасы:
2020 жылы еңбекақыдан 1%, 2021жылы 2 %.
Егер Сіздің жұмыскерлеріңіз мемлекет төлейтін жеңілдік санатына кіретін болса, олар үшін аударымдар төлеу қажет емес.
МӘМС үшін жеке кәсіпкерлер қалай төлейді?
Өзі үшін 2018-2019 жылдары жарна төленбейді, 2020 жылдан бастап -2 ЕТЖ (ең төмен жалақы) – дан 5%.-ы.
Жұмыскерлер үшін: егер жеке кәсіпкердің жұмыскерлері бар болған жағдайда, онда ол жұмыс беруші ретінде жұмыскерлер үшін аударымдар төлеуді жалғастырады.
Жұмыс берушілердің аударымдары: 2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап 2%.
Азаматтық құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар үшін 
2018-2019 жылдары: жарна төлеуден босатылған.
2020 жылы-шарт бойынша алатын табысынан-1%, 2021 жылы -2%.
Жарнаны қызмет алушы ұстап қалалды және аударады.

Жалдамалы жұмыскерлер үшін 
Жұмыс беруші аударымдарды өз қаражаты есебінен төлейді: 2018-2019 жылдары 1,5%, 2021 жылы 2%. 2020 жылдан бастап жұмыскерлердің жарнасы : 2020 жылы еңбекақыдан 1%, 2021 жылы 2%.
Маңызды:жұмыс беруші МӘМС үшін жарна мен аударымдар төлеу туралы Сізді хабардар етуі тиіс.

Басқа төлеушілер
Жоғарыда көрсетілген санаттарға кірмейтін тұлғалар бір ЕТЖ-дан 5%-ын төлеп сақтандыруды рәсімдей алады.