Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: ГКП на ПХВ "Талдыкорганская городская поликлиника

МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмек алады?


7 февраля 2019, 03:38 | 1 797 просмотров



МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмек алады?
• Алғашқы медициналық санитарлық көмек-амбулаториялық жағдайда және күндізгі стационарда көрсетілетін емханалар қызметі, оның ішіне аураудың алдын алу, диагностикалық зерттеу, емдеу, жүктілік ағымын бақылау, медициналық манипуляция, т.б;
• Арнайы және жоғары технологиялық медициналық көмекке арнайы тәсілдер мен күрделі медициналық технологияларды қажет ететін аурулардың алдын алу, диагностикалық зерттеу, емдеу кіреді;
• Жоспарлы медициналық көмек емделуші сырқаттанған және оның өміріне қауіп төндірмейтін жағдайларда ауруханаларда көрсетіледі;
• Сырқатына қарай бекітілген тізімдемеге сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
• Мейіргерлік күтім-ауыр сырқат салдарынан, өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндігінен айырылған, ұдайы сырттан күтім мен қарауға мұқтаж жандарға көмек көрсету;
• Паллиативтік көмек-емделмейтін, өміріне қауіп төндіретін және ауыр өтетін аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасы мен жалпы жағдайын барынша жайлы етуге арналған медициналық және әлеуметтік көмек.
Мемлекет ТЕГІН медициналық көмектің мынадай түрлеріне кепілдік береді:
• Жедел жәрдем және санитарлық авиация;
• Әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде (онкологиялық аурулар, туберкулез, қант диабеті, психиатриялық және т.б.) және шұғыл түрде көрсетілетін медициналық көмек;
• Профилактикалық егулер.