4 февраля 2019, 11:03 | 2 335 просмотров
Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының жоғары біліктілік санаты бар бас медбике Наталья Васильевна Булгакова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың алғыс хатымен марапатталды.
Наталья Васильевна 1991 жылы Өскемен медициналық училищесін «Фельдшер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында 2009 жылы экспедиция бөлімінің карантиндеу тобындағы фельдшер лауазымында бастады. Қан қызметінде жұмыс өтілі 10 жыл.
Наталья Васильевна үнемі білімін жетілдіруге тырысады, сондықтан ол Томск қаласындағы Сібір мемлекеттік медицина университетінде жоғары білім алуды шешеді. 2011 жылы ол «Медбике ісі» мамандығы бойынша оқуды үздік аяқтады.
2012 жылы Наталья Васильевна жаңадан құрылған қан компоненттерін карантиндеу, ақауға шығару және уақытша сақтау бөліміне аға фельдшер болып ауыстырылды. Алты жыл бойы бөлімшені табысты басқарды. Жұмыс істеген жылдары компоненттерді сақтаудың ойластырылған, логикалық жүйесін енгізді. Ол аға фельдшер лауазымына кіріскен сәттен бастап, ол өзінің құрылымдық бөлімшесінде құжаттардың электрондық нысандарын белсенді енгізе бастады, олар бүгінгі таңда денсаулық сақтаудағы цифрландырудың барлық талаптарына жауап береді. Ұзақ сақтауға арналған гемакондардың қаптамасын жаңартуды жүргізді. Қан орталығының басшылығымен бірлесіп, компоненттерді дер кезінде ақауға шығаруға мүмкіндік беретін, қызметкерлердің икемді жұмыс кестесін әзірледі. Компоненттерді ақауға шығару, карантиндеу және беру процестерін логикалық бірізділікпен ұйымдастырды. Көптеген стандарттар мен нұсқаулықтардың авторы болып табылады. Алғашқылардың бірі болып бөлімде айқас бақылауды енгізді, соның арқасында қолмен ақауға шығару әдісі кезінде қателерді жасауға мүмкіндік болмайды.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың алғыс хаты, Наталья Васильевнаға Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының директоры Х.Т. Жигитаевпен қызметкерлердің салтанатты жиналысында берілді.