Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жатыр мойны обырының алдын алу


31 января 2019, 11:54 | 1 106 просмотров



Соңғы кезде әйел денсаулығын  сақтау тақырыбының  аясында көптеген мәселелер  талқыланып жүр. Заман талабына  сай   қоғамдағы  әйелдің орны ерекеше болып,оның білімі ме күш-жігері барлық салаларда қолданылуда. «Ердің асылы-күшінде, әйелдің  асылы-ісінде  танылады  демекші, нәзік  жанды әйелдеріміз барлық  салаларда  еңбек  атқарып, еліміздің  болашағы үшін көптеген  жұмыс жасап жүргені хақ. Десекте  табиғатынан жаны нәзік әйелдердің ұрпақ өрбіту, дүниеге  дені  сау бала әкелу жауапкершігі бірінші  орында  тұр. Осы  орайда әйел денсаулығын сақтау мақсатымен республика көлемінде 21-26 қаңтар аралығында жүріп жатырған «Жатыр мойны обырының  алдын  алу»  апталығы  туралы  сөз қозғасам деп едім. «Қазақ онкология және  радиология ғылыми-зерттеу  институты» акционерлік қоғамы бастамасымен жасап отырған  осы  игі  іс  мыңдаған  әйелге денсаулығына  көңіл бөліп,сауығу шарасына жүгінуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Себебі дер кезіңде берілен дәрігердің дұрыс кеңесі  аурудың  алдын  алуға орасан зор көмектеседі.  Жыл сайын медициналық  ақпараттың толық болмауы  салдырынан, жатыр  мойны  обырынан бейхабар  әйелдер  ауруын асқындырып, обырдың  үшінші,төртінші  сатысында дәрігерге қаралады.Өкінішке орай  обырдың  асқынған түрінде медицинаның көмегінің тиімділігі аз. Онкологиялық  ауруларда  ерте  анықтау  аса маңызды. Сондықтан оқырманға қазіргі кезде әйел денсаулығына  қауіп төндіріп тұрған және ұрпақ өрбіту қызметіне жауапты ағза жатыр  обыры  туралы толық  ақпарат  беруді жөн санап  отырмын. Жатыр обыры басқаша атауы: жатыр мойны обыры,жатыр эндометриясы обыры, жатыр денесі обыры - эндометридің қатерлі ісігі.

Жатыр обырының қауіп-қатер факторларының негізгісі- гормоналдық бұзылулар, эстрогеннің жоғарылауы. Эндометридің гиперплазиясы, семіздік,қант диабеті, бедеулік немесе туыттың болмауы, кеш басталған етеккір үзілісі,аналық без ісіктері,тұқымқуалаушылық,сүт безі обырын емдеу кезінде томаксифенді қолдану болып табылады.

Ауру симптомдарына келсек,етеккірдің болу немесе болмауы, кейде әйелде етеккір функциясы сақталып, бірақ етеккірдің ұзақ әрі ағыл-тегіл келуі мазасыздандырады және етеккірдің келуінің өзі тұрақсыз сипатқа ие болады.Алайда ауру жиі етеккір үзілісі кезеңінде пайда болады және алғашқы негізгі белгісі жыныс жолдарынан қан аралас немесе сулы-іріңді шығындылардың бөлінуі мүмкін. Ауырсынулар жатыр ісіктерінің талшыққа және сегізкөздің нервтік бірігуіне әкелуі кезінде пайда болады. Ісіктердің қуыққа қарай өсуі кезінде дизуриялық құбылыс және зәрде қан пайда болады.

Диагностика үшін  ең алдымен кіші жамбас ағзаларына УДЗ жүргізу қажет, жарты жылда бір рет зерттеу диагностикасынан өту міндетті. УДЗ кезінде жатыр қуысында өзгерістер анықталса, гистероскопия жүргізіледі - бұл гистероскоп көмегімен жатыр қуысы қабырғаларын тексеру, соның нәтижесінде диагностикалық және оперативті манипуляциялар жасалады. Гистероскопия жатырішілік патологияны анықтауға және жоюға, тіндер биопсиясын алуға, бөгде заттарды, эндометрия түймешіктерін (полип) алып тастауға мүмкіндік береді. Жатыр ішіндегі қатерлі ісік өсінділерін растау үшін жатыр қуысы қырналып, алынған материал гистологиялық зерттеуге жіберіледі. Обыр сатысын анықтау және одан әрі емдеу тәсілін таңдау үшін мынадай зерттеулер жүргізіледі: кіші жамбас ағзаларына МРТ, колоноскопия, урография және цистоскопия, ішперде қуысы ағзаларына УДЗ.

Емдеу.Хирургиялық кесіп тастау, дәрілік және сәулелік терапия жүргізіледі. Оперативті емдеу барысында мойны, қосалқыларымен бірге жатыр алынып тасталады. Кең ауқымда зақымдану немесе аурудың қайта өршуі кезінде химиотерапия қолданылады. Сәулелік терапия ота жасалғаннан кейінгі кезеңде және ота жасау мүмкін болмаған жағдайда өзіндік әдіс ретінде жүргізіледі.

Алдын алу. Етеккір циклын бақылау.Жылына 1 рет емханадаға  қарап тексеру кабинетінен өту,окоцитологиялық  ПАП- сынамадан өту. Шағым болған жағдайда гинеколог дәрігерге қаралып, сауығу  шараларын жүргізу. 30-70 жас аралығында  әрбір 4 жыл сайын скрининг тәсілімен  тексеруден өтіп отыру. Арнайы  алдын алу  шарасы жыныстық өмірді бастағанға дейін жасөспірім шақта қыз балаға адам папиломасы  вирусына  қарсы  екпе жасату керек. Құрметті оқырман, әйел бойындағы    маңызды ағзаның сауығы мен адамзаттың артынан еретін дені  сау ұрпақтың пайда болуы бір бірімен тікелей  байланысты екенін ұмытпайық. Аман сау болайық.

Автор:
Дана Таждинова,