Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 5 КҮН ІШІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ АЙЫҚТЫРҒЫШҚА 178 АДАМ ЖЕТКІЗДІ


30 января 2019, 04:56 | 1 724 просмотра



23-27 қаңтарда Алматы облысының аумағында полиция қызметкерлері «Профилактика» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізіп, медициналық айықтырғышқа 178 құқық бұзушы жеткізген. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, аталған іс-шара алкогольдік мас күйінде және отбасылық-тұрмыстық салада, сондай-ақ жасөспірімдер құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында өткізілген.

Сонымен қатар, іс-шара кезінде тұрақты мекенжайы анықталмаған 110 адам қабылдау-тарату орнына жеткізілді. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 132 және 442-баптарының талаптарына сәйкес кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол бергені он мекеме жауапкершілікке тартылып, заңды өкілінсіз жүрген 254 жасөспірімнің ата-аналары мен заңды өкілдеріне әкімшілік айыппұлдар салынды.

«Профилактика» жедел алдын алу іс-шарасы барысында облыс аумағында 1916 әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, тәртіп сақшылары тиісті шаралар қабылдады»,- деп толықтырды баспасөз қызметінде.

Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Алматы облысы аумағында «Профилактика» жедел алдын алу іс-шарасының өткізіліп жатқаны және 3 күннің қорытындысы бойынша түнде жалғыз жүрген 155 бала анықталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.