Еркін ауылына жаңадан дәрігерлік амбулатория салынады
28 января 2019, 09:07
|
2 124 просмотра
Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылдық округінде биыл жалпы ауданы 1100 шаршы метрлік жаңа дәрігерлік амбулатория мен Мәдениет үйі және арнайы поштаның ғимараты салынатын болады. Сонымен қатар, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында аталмыш елді мекеннің көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы қала әкімі Дастан Шалтабаев пен округ басшысы Қайрат Матаев тұрғындар алдында берген есептік кездесуде айтты,