Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде инфекциялық аурулардың алдын алу мәселелері талқыланды


28 января 2019, 11:58 | 1 170 просмотров



Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде селекторлық режимде өңірлердің Денсаулық сақтау басқармалары, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық департаменттері, ведомстволық бағынысты ұйымдар және т.б. басшыларының қатысуымен инфекциялық аурулардың алдын алу мәселелері талқыланды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қызылша сырқаттанушылығының циклдық жоғарылуы тіркелгенін, оның ішінде  сырқаттанушылық, көбінесе 67% егілмеген балалар арасында тіркелгенін атап өтті. Қазіргі уақытта балаларды жоспарлы иммундау және ошақтарда байланыста болғандарды егу үшін қызылшаға қарсы вакцинаның жеткілікті көлемі қамтамасыз етілгенген, сонымен бірге, қажет болған жағдайда вакцинаның қосымша көлемі алынады»-деді.

Сондай-ақ, министр ЖРВИ және тұмау сырқаттанушылығы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Барлық профилактикалық шаралар жоспарлы түрде жүргізіледі», - деп хабарлады.

Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қатысушыларды қызылшамен, ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдаймен және қолданылып жатқан шаралармен таныстырды. Эпидемиологиялық көрсетілім бойынша эпидошақтардағы 30 жасқа дейінгі 2608 адам егілген» - деді.

Жандарбек Бекшин айтуынша республикада ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екендігін атап өтті. 2018 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өңірлер бойынша ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылықтың жас санаттары мен тәуекел топтары бойынша (жүкті әйелдер, бір жасқа дейінгі балалар арасында) күн сайын мониторинг жүргізеді. Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері (өткен жылдың 1 қазанынан бастап) 210 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы тіркелді, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық  16%-ға төмендеді. ЖРВИ-мен ауырғандардың негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі балалар құрап отыр (65%).» -деді.

 «Қызылшамен, ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық ахуал жөнінде 2019 жылға арналған болжам» тақырыбында баяндама жасаған Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Дамир Көпжасаров әрбір аймақта инфекционист және эпидемиолог мамандар  аурудың алдын алуға баса назар аударуы тиіс, ауырған кезде не істеу керек, қайда хабарласу қажет екендігі, егуді қайда алуға болатындығы және т.б. жөнінде кеңестер беріп, ұсынымдар жасай алуы тиіс екендігін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау басқармаларына, аумақтық денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарына инфекциялық аурулардың алдын алу жөнінде ұсыныстар берілді. Атап айтқанда, қызылша бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды уақтылы жүргізу (инфекция ошағының шекарасын белгілеу, байланыс шеңберін кеңейту, эпидкөрсетімдер бойынша иммундау); вирусологиялық зертханалардың тұмау штаммдарын белгілей отырып, науқастардан зертханалық зерттеу жүргізуге дайындығын қамтамасыз ету; интенсивті терапия көрсетуге арналған тұмауға қарсы негізгі препараттардың, дезинфекциялық препараттар мен жеке қорғаныш құралдарының резервін құру; тұмаудың клиникасы, диагностикасы, емдеу және алдын алу мәселелері бойынша медициналық ұйымдардың және білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен семинарлар өткізу және т. б. Бұған қоса, ЖРВИ және тұмаудың алдын алу мәселелері бойынша халыққа ақпарат беруде жергілікті Call –орталықтарының жұмыстарын өзектендіру, халықты толғандыратын барлық сұрақтарға анық жауап бере алатын мамандардың күнделікті кезекшілік атқаруын қамтамсыз ету жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Автор:
dsm.gov.kz