Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«БИПЭК АВТО Қазақстан» АҚ-ның қызметкерлері ақысыз донорлық қан тапсыру бойынша қайырымдылық акциясына қатысты


23 января 2019, 15:23 | 1 060 просмотров



2018 жылдың 27 желтоқсанында «Шығыс Қазақстан облысының қан орталығы» ШЖҚ КМК-нда (бұдан әрі – ШҚ ОҚО) басталған біздің «Суперқаhарман бол – Донор бол!» атты ұранмен ерікті ақысыз донорлығының қайырымдылық акциясын бүгін, 2019 жылдың 23 қаңтарында, «БИПЭК АВТО Қазақстан» АҚ-ның қызметкерлері және тәжірибеден өтушілері өздеріне алды. Бұл күні қан тапсыруға тілек білдіргендердің саны көп болды. Кейбір адамдар қан тапсыруға бірінші рет келді, басқалар үшін тұрақты донациялау үйреншікті істеріне айналған.
Ақысыз донорлықтың игі ісіне адамдарды қатыстыруды қызметкерлер Департаментінің әлеуметтік даму және кәсіби бағдар беру бөлімінің аға менеджері Елена Валерьевна Будрина өз мойнына алды.
Бұл күні бірінші кезекте барлық әлеуетті донорларды донорлар мен донорлыққа жатпайтын тұлғалар туралы электрондық деректер базасы бойынша тексерді, одан кейін донорлар сауалнамаларды толтырды. Осыдан кейін әрбір донор қан тобын және резус тиістілігін, сондай-ақ гемоглобин деңгейін анықтау үшін қан талдауын тапсырды. Соңғы кезең дәрігер-терапевтің донорды тексеруі болды, ол донацияға жіберу немесе оны шеттету туралы шешім қабылдады. Барлық рәсімдерден кейін донорлар қан тапсыру үшін, жайлы жағдайлар, қауіпсіздік және зарарсыздандыру қамтамасыз етілген, арнайы жабдықталған автобусқа өтті. 
Ақысыз қан тапсыратын адамдар тек басқалардың өмірінің игілігі үшін ғана әрекет етпейді, сондай – ақ өз денсаулығына да пайдасын тигізеді. 450 мл көлемдегі қан донациясы донордың денсаулығы үшін ешқандай қауіп төндірмейді. Тұтастай қан жаңарып отырады. Әрі қарай ағза жарақаттар және басқа да ауыр жағдайлар кезінде қан кетуге жақсы бейімделеді. 
«Шығыс Қазақстан облысының қан орталығы» ШЖҚ КМК басшылығы «БИПЭК АВТО Қазақстан» АҚ-ның бас директоры Владимир Олегович Поповқа, қызметкерлер Департаментінің әлеуметтік даму және кәсіби бағдар беру бөлімінің аға менеджері Елена Валерьевна Будринаға ынтымақтастық және ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту жөніндегі істелген бірлескен жұмыстың маңыздылығын түсінгені үшін ерекше алғысын білдіреді.
Бұл күні 35 адам донор болды.
Донорлық қозғалысқа қатысқандарыңыз және қолдағандарыңыз үшін барлықтарыңызға рахмет!