Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: Онкология

2019 жылы Қазақстанның онкологиялық орталықтары заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталады


15 января 2019, 04:00 | 1 635 просмотров



Қазақстандағы онкологиялық орталықтардың жаңаруы сәулелі терапияның қолжетімділігін арттырады

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық қызметті дамытуда мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің табысты үлгісін құруды қамтамасыз ету мақсатында еліміздің медициналық орталықтарын заманауи медициналық құрылғылармен жабдықтау  туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.  МЖӘ шеңберінде сәуле және протон терапиясын өткізуге арналған құрылғылармен 10  аймақтық онкологиялық орталықты және Астана қаласындағы ұлттық ғылыми онкологиялық орталықты жабдықтау жоспарланған. Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы Қазақстан халқына халықаралық озық тәжірибелерге негізделген қатерлі ісік ауруларын ерте диагностикалау және емдеудің жоғары тиімді және жоғары технологиялық әдістерімен қамтамасыз ету үшін құрылған.




Автор:
ustinka.kz