Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ескелді аудандық Көкжазық ауылында жаңа амбулатория мекемесі ашылды.


10 января 2019, 15:48 | 926 просмотров



 ШЖҚ МКК «Ескелді аудандық ауруханысы » Көкжазық ауылында жаңа амбулатория мекемесі ашылды.

Елбасымыздың халыққа арналған дәстурлі Жолдауында еліміздегі денсаулық саласына айрықша көңіл бөлініп, материалдық базасын нығайтуға көп көңіл бөлініп отыр ,оның дәлелі мына 3165 тұрғыны бар ауыл тұрғындарына арналған осы мекеме. 
Жаңа ғимарат күніне 25 адам қабылдауға арналған, әлемдік деңгейдегі стандартқа сай медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп отыр. 
Алдымызда жаңа күрделі белестер бар. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қажет. Оның негізгі талабы ана мен бала денсаулығын жақсарту, туберкулез, жүрек ауруларынаң өлімді төмендету, адамнын өмір сүру жасын ұзарту. Кешегіден бүгініміз жарқын, қазіргіден болашағымыз айқын мына жедел дамыған заманда алынған биіктен тоқталмау қажет. Президентіміздің, біздің алдымызда қойған негізгі талабы – халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету, емдеу және аурудың алдын-алу жұмыстарына әлемдік жоғары технологияларды еңгізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, медицина саласына бөлінген қомақты қаражатты толықтай игеріп, жаhандағы алдыңғы қатарлы елдердің қатарына жету.
Сіздерге зор денсаулық, еңбекте табыс, жанұяларыңызға бақыт тілейміз!

Автор:
БШ Акпарат