Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі салалық кәсіптік одағы ерлер арасындағы волейболдан облыстық турнир өткізді


24 декабря 2018, 17:36 | 1 242 просмотра



2018 жылдың 20-21 желтоқсан күндері Талдықорған медициналық колледжінің спорт залында Алматы облысының кәсіподақ орталығы, «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған медицина саласы қызметкерлерінің ерлер арасындағы волейболдан облыстық турнир өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты – Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Салауатты өмір салтын насихаттау, үздік спортшыларды анықтап, жастарға үлгі ету.

Шараның басында қатысушы командалар жиналып, сапқа тұрғызылып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалды. Құттықтау сөз «Алматы облысының кәсіподақ орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Қыдырманов Әсет Серікқалиұлына және «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалы төрағасы Исаев Айбол Арыстанбайұлына, Турнирдің бас төрешісі Гуламов Асхат Мавляновичқа берілді.

 

Турнирге Алматы облысындағы  медицина саласы бойынша 12 мекеме өтініш білдірді.

Командалар екі күн бойы тартымды ойын көрсетіп,

1 орынды - Талдықорған қалалық №2 емханасы (90 000 теңге)

2 орынды - Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы (70 000 теңге)

3 орынды - Қаратал аудандық орталық ауруханасы (50000 теңге) алды.

 

Сондай-ақ жарыс қорытындысы бойынша:

-Нұржанов Асан – Сот медициналық сараптама орталығы «Үздік ұйымдастырушы»;

- Жұманов Ильяс - Каратал аудандық орталық ауруханасы «Үздік қорғаушы»;

- Утемуратов Туркеш - Талдықорған қалалық емханасы «Үздік ойыншы»;

- Медеуханов Алмаз - Талдықорған жедел-жәрдем станциясы «Үздік шабуылдаушы»;

- Хабибулаев Шафхат - Облыстық кордиологиялық орталық  «Үздік шабуылдаушы»;

- Азимханов Мади - Талдықорған қалалық №2 емханасы «Үздік қорғаушы» номинациялары  бойынша мақтау қағазымен және

бағалы сыйлықтармен марапатталды

Екі күндік турнир нәтижесінде әділ төрелік еткендігі үшін әр төрешіге Утемуратов Туркпенбай Даулетовичке, Гуламов Асхат Мавляновичке және Юсупова Елена Викторовнаға 15000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табысталды.

Бұл турнирге қатысушы командалар келесі жылы тағы да осындай іс-шаралар өз жалғасын тапса  екен деген өздерінің ойларымен бөлісіп, тілектерін білдірді.

Автор:
ЖД Ақпарат.