Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Роллтон» кеспелерін шығаратын зауыт іске қосылды


12 декабря 2018, 12:10 | 1 186 просмотров



Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір барысында Қапшағай қаласындағы трансұлттық «Маревен Фуд» зауыты ашылды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі облыс әкімдігіне сілтеме жасап. Тікелей тартылған инвестициялық құны 15,4 млрд теңгені құрады.

Зауыт  «Роллтон» және «BIGBON» сауда белгісімен жылдам әзірленетін кеспелерді шығарады.  Кәсіпорында 370 жұмыс орны ашылды. Қазіргі уақытта қосымша қызметкерлерді оқыту, үйрету жұмыстары жүргізілуде, толықтай үйренгеннен кейін ол азаматтар да жұмысқа қабылданатын болады.

Компания директоры Александр Вязниковтың айтуынша, жылына 417 млн дана «Қазақстанда жасалған»деген белгімен шығарылатын дайын өнімдердің 50 %-і ішкі нарықта, қалған 50 %-і Орталық Азия, Қытай, Иран, Ауғанстан, Моңғолия елдеріне экспортталады.

Қазіргі уақытта зауыттың 3 өндіріс жолағы іске қосылған. Алдағы уақытта макарон өнімдерін шығару жоспары бар.

Фото: Алматы облысының әкімдігі.