Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Шілде айында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 8,2 млрд теңгеден астам жарна түсті


3 августа 2018, 12:35 | 1 122 просмотра



Шілде айында Медициналық сақтандыру қорына 8,2 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ баспасөз қызметі хбарлады.

Хабарламаға сүйенсек, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2018 жылдың 31 шілдесі аралығында жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген жарналардың жалпы сомасы 88,9 млрд теңгеден асып жығылды.

Оның 80,3 млрд теңгесі (90,3% жуығы) жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлері үшін жасаған аударымдары болса, қалған 8,6 млрд теңге  (9,7%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы және Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

МСҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады.Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Түскен қаражат болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.

Автор:
Шынар Әлжанова, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ баспасөз қызметі