Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысы: жазғы кезендегі қауіпсіз демалу.


19 июня 2018, 04:10 | 2 070 просмотров



Жазғы кезең – суға шомылуға белсенді демалу кезеңі. Бұл – суға шомылу және су асты мен су үстіндегі спортпен айналысу, әртүрлі ойындар мен жарыстар, қайықпен және басқа-да жүзу құралдарымен демалу. Бұл баршылықтың қала сыртына шығып су айдындарының жанында демалатын уақыт. Бірақ жазғы демалыс қайғылы оқиғаларға шалықтыру мүмкін екендігін есте сақтау керек.

Жыл сайын суда ең көп қаза болатын уақыт бұл шілде мен тамыз айларына келеді. Көпшілік демалыс орындарында суға бату себептері спирттік ішімдіктерді ішуі, балаларды қадағалаусыз қалтыру және суда жүзе білмеу. Өкінішке орай су айдындарында балалар ұйымдастырылған демалыста-да қаза болады. Су айдындарында жазғы демалыс кезінде бұндай оқиғаларды болдыртпау үшін, үлкендер мен балалардың су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауы қажет.

Алматы облысында жыл сайын жазғы демалыс кезіндегі, су айдындарында адамдардың демалу кезінде қауіпсіздігін сақтау үшін, қиын жағдайлардың бірі болып саналады. 2017 жылы жазғы суға шомылу кезеңінде ауданның су айдындарында - 43 адам қаза болды, оның ішінде –бала (2014 жыл – 58 адам, 10 – бала, 2015 жыл – 61 адам, 7 – бала, 2016 жылы - 33 адам қаза болды, оның ішінде – 10 бала) суға батқандардың 82%құтқару жасақтары жоқ, суға шомылуға бейімделмеген және суға түсуге тыйым салынған жерлерде, қалған 18% жекеменшік су айдындарындажәне суда демалу орындарына келеді.

2017 жылдың суға шомылу кезеңінің статистикасы бойынша күзетілмейтін өзендердің жағалауларында, суғаратын арықтарда және басқада су қоймаларда – 20 адам қаза болды, құтқару жасақтары бар жерлерде(жекеменшік су айдындарында  және суда демалу орындарына) – 3 адам қаза болды, қалған құтқару жасақтары бар жерлерде адамдардың суға бату фактілері тіркелген жоқ. Қалған суға батқандардың ортақ саны – 61% болды, олар Балхаш өзені менІле өзені, Капшағай су қоймасы және басқада кішігірім өзендерде, су қоймалары мен суғаратын арықтарда  көп болды.

Судағы болатын төтенше жағдайлардың себебі ол, құтқару жасақтары жоқ су айдындарында дұрыс ұйымдастырылмаған демалу, суда қауіпсіздік ережелерін білмеу немесе сақтамау салдарынан, жекеменшік демалатын кешендер иелерінің қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындамауы, суға түсу кезінде өз күшін жете боғаламау және кішкентай балаларды су жағалауында қадағалаусыз қалтыру салаларынан пайда болады.

 

Автор:
Талдықорған қ. ТЖБ Азаматтық қорғаныс тобының аға офицері майор Манасов Б.К.