Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Smart city- ақылды қала Астана» дөңгелек үстелдің өтуі туралы ақпарат


6 июня 2018, 15:29 | 1 095 просмотров



2018 жылдың 05 мамырында тіл сарайында «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып, «Smart city- ақылды қала Астана» атты дөңгелек үстел өтті.

Жиынның мақсаты – елордамыз Астана қаласының ерекшелігін, Астана қаласындағы халыққа қызмет ететін инновациялық технологияларды ұсыну.

Дөңгелек үстелді модератор Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Туғанай Рахымберлина Сламғазықызы жүргізді.

Негізгі баяндамашылар Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті техникалық қызмет және құлақтандыру бөлімінің бас маманы Қалдыбек Төлеуұлы «Smart қауіпсіздік», Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағы, мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Жәнібек Аубакиров «Ақылды қала: ақылды аялдама және тегін Wi-Fi», Рауан Әмірхан «Астана – жаһандық ақылды қала» тақырыптарында баяндамалар оқыды.

Баяндамалар өте ауқымды мәселерді қамтыды, дөңгелек үстелге қатысушылар өздеріне қажет ақпарат алды, қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар алынды.

 

Автор:
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі, Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы