Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Іргеміздің беріктігі үлгілі шаңырақтан


25 мая 2018, 10:45 | 1 168 просмотров



Алматы облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Еліміз бойынша бесінші мәрте ұйымдастырылған байқауға Жетісу аймағынан 400-ден аса отбасы қатысып үлгеріпті.

Аудан мен қалаларда өткен байқауларда іріктелген   38 отбасы облыстық кезеңде бақтарын сынасты. Үздік шыққан отбасын облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар құттықтап, сый-құрмет көрсетті.«Бұл байқау өзінің өмір-шеңдігін нақты дәлелдеп берді. Оны осы сайысқа қатысып жатқан түрлі мамандық иелерінен тұратын жанұяларға қарап айтуға болады. Соның ішінде көзге ерекше түскендері де бар. Олар — көп балалы отбасылар, жетім бүлдіршіндерді асырап алған, не болмаса соларға көмек қолын созған жүректері жомарт жандар. Мерейлі отбасы деп осыларды айтуға болады. Ал, биылғы жылы байқаудан озып шыққан отбасының республикалық кезеңде облыс намысын абыроймен қорғайтынына сенімім мол», – деді облыс әкімінің орынбасары.
Отбасы — береке-бірліктің қайнар көзі. Шын мәнінде, әр отбасы — өзінше бір Отан. Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев қашанда халқымыздың әлеуметтік жағдайын дамытып, мемлекеттің іргетасы беріктігінің отбасынан, үлгілі шаңырақтан басталатынын атап көрсетті. Байқаудың аймақтық қорытындысында Талдықорған қаласының аты-
нан қатысқан Мықтыбек Рахымбекұлының отбасы бірінші дәрежелі диплом мен 1 миллион теңгенің сертификатын ұтып алды. Рахымбековтар — екі ұл, үш қыз тәрбиелеп, олардан 14 немере сүйіп отырған отбасы. Олар Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, білім саласындағы еселі еңбегі мен қоғамдық тірліктегі белсенділігі, ел ішіндегі мәселелерді шешуге атсалысуының өзі лайықты бағасын алып келеді. Тарихи тұлғалардың ескерткішін салуда облысымызда алғашқылардың бірі болып бастама көтерген, үлес қосқан Мықтыбек Рахымбекұлын жұртшылық жақсы біледі. Тіпті, «Айналайын» балалар үйінде тәрбиеленген 100 түлекті тегін оқытып, мамандық алуына септігін тигізген.
Өзінің екі баласымен қоса әр ұлт өкілдерінің 7 жәудіркөзін бауырына басып отырған Жамбыл ауданының тұрғыны Кәрібаевтар отбасы да осындай бірінші орынға лайық деп танылыпты.
Талдықорған қаласынан қа-тысқан ішкі істер қызметкерлері — Абилхамитовтар отбасы облыс әкімінің Алғыс хаты мен ынталандыру сыйлығын иеленді. Екінші, үшінші дәрежелі диплом қара үзіп шыққан отбасыларға табысталды.