Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

2018 жылдың жазғы маусымына туризм бойынша дайындық


24 мая 2018, 09:59 | 1 069 просмотров



Ағымдағы жылдың 22 мамырында Қапшағай қаласының мәдениет үйінде «2018 жылдың жазғы маусымына туризм бойынша дайындық» тақырыбында Қапшағай суқоймасында орналасқан демалыс аймақтарының жетекшілерінің қатысуымен семинар өткізілді. Бұл семинардың спикеры болып Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Нұрғазиев С.Ш., Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының басшысы Чарапиев С.Т., Қапшағай қаласының прокуроры Қарымсанов Б.Б. қатысты. Сондай-ақ өздерінің баяндамасымен РММ «Алматы облысы бойынша көлікті бақылау инспекциясы» су көлігін бақылау бөлімінің бас маманы Қасенов Бахытжан Мұратұлы «Су көлігін суда қауіпсіз пайдалану» тақырыбында, Қапшағай қаласының ЖПҚ бастығы Нұрғалиев Сұлтанқазы Қалиасқарұлы «Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқыққа қайшы іс-әрекеттерді тиімді болдырмау, жағажайларды полиция экипажымен күшейту» тақырыбында сөз сөйледі.

Өзінің баяндамасымен ҚР ІІМ ТЖК Алматы облысы ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» ММ басшысы «Суда демалушылардың қауіпсіздігін ұйымдастыру және демалу кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу, қалалық және жекеменшік су жағалауларын су астын тазалау» тақырыбында сөз сөйледі.

Облыс бойынша ең көп судағы адам өлімі төтенше жағдайлар Қапшағай суқоймасы және Іле өзенінде тіркелген (18 адам оның ішінде 3 бала). Көбінесе судағы оқыс оқиға тәуліктің түңгі уақытында суға шомылуға тиым салынған кезде тіркелген.

Өткен шомылу маусымның санағы бойынша 9 адам жекеменшік демалыс аймақтарында батып кеткенін көрсетеді, құтқарушылармен бақыламайтын су аймақтарында 6 адам оның ішінде 2 бала батып кеткен.

Судағы төтенше жағдайлардың негізгі себебі құтқарушылармен бақыланбайтын жерде азаматтардың ұйымдастырылмаған демалуы болып табылады, мас күйінде шомылу, судағы қауіпсіздік ережелерін білмеу және сақтамау, жекеменшік демалыс аймақтары иелерімен судағы қауіпсіздік талаптарын орындамау, жүзу білмеу және су жағасында балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыруы болып табылады.

Адамдардың судағы қаза болмауына жол бермеу және төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында қатысушы демалыс аймақтарының иелеріне құтқару техникаларымен жабдықталған ведомствалық құтқару посттары, жүзу құралдары оқытылған құтқарушылармен ашылу жөніндегі ұсыным хат берілді, сондай-ақ кітапшалар мен жадынамалар таратылды.

Семинар аяқталуымен «Жетісу» және «Хабар24» телеарналарының қатысуымен жасақтың құтқарушылары патрульдеу жүргізілді. Қалалық жағажайда ауа райының қолайсыздығы мен судың суықтығына қарамастан демалушылар болды. Демалушыларға кітапшалар мен судағы қауіпсіздік ережелері жадынамалары таратылып әңгімелесулер жүргізілді.

 

 

Автор:
Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы