Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Конкурс жариялайды!


26 апреля 2018, 11:51 | 1 472 просмотра



Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы  бос лауазымына «Облыстық туберкулезге қарсы диспансері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының  директорына конкурс  жариялайды. 

Индекс 040000, Талдықорған қаласы, Гауһар ана көшесі 87, 10 кабинет, тел: 8/7282/400063, электрондық пошта:kadr.oblzdrav@mail/ru,  БСН 950540000689.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Талап:

1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;

2) мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізбесі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

5) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

6) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмелері;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)            Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304

тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды Талдықорған қаласы, Гауһар ана көшесі 87  2-қабаты, №10 кабинет кадр бөлімі, мекен-жайы бойынша тапсыруға болады.

Автор:
"Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ.