Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«КҮЙДІРГІ» ТІРКЕЛДІ


26 июня 2010, 15:40 | 2 179 просмотров



ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті ағымдағы жылғы маусымның 19-20 аралығында Павлодар облысының Ақсу ауданының Қаракөл жєне Ребровка ауылдарында «күйдіргі» деген диагнозбен 5 науқас тіркелгендігін хабарлайды.

Бірінші науқас ағымдағы жылғы 19 маусымда анықталған жєне ауыр күйінде Павлодар қалалық инфекциялық ауруханасына жатқызылған. Жүргізілген емге қарамастан науқас ағымдағы жылдың 20 маусымында қайтыс болған.

Медицина қызметкерлері үйлердің аула ішіндегі тексерулерді белсенді жүргізу барысында күйдіргі ауруына күдікті тағы төрт науқасты анықтады жєне ауруханаға жатқызды.

Екі науқастан, оның ішінде қайтыс болған бір адамнан алынған материалды зертханалық зерттеу кезінде күйдіргі аурының қоздырғышы анықталды. Қалған үш науқастан жєне сыртқы орта объектілерінен алынған материалмен ж±мыс жүргізілуде.

Эпидемиологиялық тексеру барысында науқастар ағымдағы жылдың 11 маусымында алдын ала ветеринариялық куєландыруы жоқ ірі қара малды сою жағдайына қатысқандығы анықталды.

Ошақтарда байланыста болған 80 адам анықталды, олардың барлығы профилактикалық ем қабылдауда.

Ветеринариялық қызметпен бірлесіп тексеру жүргізу кезінде жоғарыда көрсетілген кезеңде 5 бас ірі қара мал жєне бір жылқы өлгендігі анықталды.

Ошақтарда дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілді.

Күйдіргі ауруы бойынша стационарлы қолайсыз пункттердің кадастрасына сєйкес ауылшаруашылық малы арасындағы аурулардың соңғы жағдайы көрсетілген елді мекендерде 1967 жылы тіркелген.

Павлодар облысының халқы арасында күйдіргі ауруының соңғы жағдайы 1985 жылы тіркелген.

Автор:
«ЖД» ақпарат