Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Самбо» күресінен жарыс өтті


3 апреля 2018, 09:53 | 2 607 просмотров



Қызметтік міндетін атқару барысында қаза болған, ІІ-ші дәрежелі «Айбын» орденінің иегері полиция каитаны Ержан Боранбайұлы Ахметовті еске алуға 2018 жылы 30 наурызда Алматы облысы Құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында Алматы облысы ІІД спорт кешенінде «Самбо» күресінен біріншілік ұйымдастырылды.

Жарысқа облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы ММ, және Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы №5514 әскери бөлімі қызметкерлері қатысты.

Жарыстың мақсаты: қызметтік міндетін атқару барысында қаза болған әріптестерді еске алу және Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында рухани рухты көтермелеу, Ішкі істер департаментінің жеке құрамын дене шынықтыру дайындығын әрі-қарай жақсарту, дене шынықтыру-спорттық және жаппай жұмыстарын дамыту, Ішкі істер департаменті қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қолданбалы спорт түрлерін танымал ету және одан әрі дамыту.

Алматы облыс Төтенше жағдайлар департаментінің намысын қорғаған «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері. Атап айтсақ: «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Әскери жұмылдыру жұмыстары тобының бас мамандары азаматтық қорғау капитаны Қылышбаев Марлан және азаматтық қорғау аға лейтенанты Айтқұлұлы Данияр, Талыдқорған қаласы №1 МӨСБ қызметкері Болатұлы Бахтияр, Кеген ауылы №11 ӨСБ қызметкері – Бақытбекұлы Нұркелді, Өтеген батыр кенті №3 ӨСБ қызметкері – Сейдахметов Қайрат, Шонжы ауылы №10 ӨСБ қызметкерлері Султанкулов Дидар, Амирдинов Кадирдин, Жансүгіров кенті №25 ӨСБ қызметкердері Саякенов Жасұлан, Қожабеков Елдос.

І-орын иеленген Өтеген батыр кенті №3 ӨСБ қызметкері – Сейдахметов Қайрат, ІІ-орын иеленген Шонжы ауылы №10 ӨСБ қызметкері Амирдинов Кадирдин.

Бұл қызметкерлердің дене шынықтыру даярлығының жақсы екендігін көрсетеді. Дене шынықтыру даярлығы – адамның дене шынығуы қасиеттерін тәрбиелеуге және функционалдық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған педагогикалық процесс болғандықтан, Департаментте бұл жұмыс қарқынды түрде жасалып жатыр.

Жарыс нәтижесі бойынша І,ІІ,ІІІ орын алған қызметкерлер медальмен, грамотамен, кубокпен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

 

Автор:
Алматы облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі