Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Су басқан аймақтардағы тұрғындарға жедел көмек


3 апреля 2018, 03:46 | 2 132 просмотра



Гидрометрологиялық қызметтің мәліметі бойынша Шығыс Қазақстан облысы аумағында қардың қоры орташа мөлшерден 2 есе артқан. Қардың қалыңдығы жазықтық жерлерде 6 дан – 123 см, таулы аймақта 21 ден – 166 см дейін жетеді. Наурыз айының 2 ші оңкүндігінде күн райының күрт жылуына байланысты ШҚО ауылдарымен саяжай алқаптарын еріген қар суы басқаны анықталды.

25.03.2018 жылы Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы құтқарушылары дабылмен көтеріліп, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп 1 эшалонмен ШҚО 15 адам 2 бірлік автокөлікпен бет алды. Глубоковод ауданы Пригродный ауылына жеткенде 500 қап құммен толтырып бөгет жасалды. Келесі күні 25 мотопомпа көмегімен таңғы сағат 7 ден кешкі сағат 19:00 ге дейін аулалардан тоқтамай су шығарылуда.

Келесі күні 2 топқа бөлінді, 8 адамнан құралған 2-ші топ Шемонайха ауылында 10 бірлік мотопомпамен аулалардан су шығаруда. Қазіргі таңда аулалардан су шығару жалғасуда.

 

Автор:
Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы