Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу туралы


26 июня 2010, 21:12 | 5 954 просмотра


ДӘРІГЕР МІНБЕРІ

Сырқаттанудың қоздырғышы вирус болып табылады, резервуары –ауылшаруашылық малдар, жабайы сүтқоректілер (қоян, тышқан тәрізді кеміргіштер, кірпі және сарышұнақ, құмтышқан. ҚКГҚ індеттін екі жолмен жұқтыруға болатындығын көрсетті. Қоздырғышы бар кене шаққанда оның сілекей безіндегі қоздырғыш адамның денесіне өткенде, ауру адамның қаны сау адамның денесіне өтіп немесе ауру адамның қаны сау адамның терісіне жұққанда. ҚКГҚ ауырған науқастың қанын ұстаған кезде медицина қызметкелеріне де жұғуы мүмкін. Вирус қан тамырларын зақымдап, тамырлардың өткізгіштігі жоғарылатып, қан ұю жүйесін бұзады. Нәтижесінде сырқаттанудың клиникалық белгілері қан құйылу мен қансыраумен сипатталады.

Сырқаттану жіті басталады, дене қызуы 39-41 градусқа дейін көтеріледі, мұрнынан, тістен, қызыл иегінен, жатырдан, асқазан, өкпеден, көзден тіпті барлық тесіктерден қан кетуі мүмкін. Адам ағзасына вирус енгеннен кейін аурудың жасырын кезеңі 6-12 күннен кейін білінеді. өлім жағдайы өте жоғары, өйткені арнайы емдейтін вирусқа қарсы дәрі жоқ, емдеудің жалғыз жолы КҚГҚ ауырған адамнан алынған қанның плазмасын құю.

Республика бойынша 4 облыс (Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы) Конго-Қырым геморрагиялық қызба сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз болып табылады, біздің облыстан басқа аталған үшеуінде сырқаттану жағдайлары жыл сайын тіркеліп тұрады. ‡стіміздегі жылы 24 жағдай тіркелді, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында - 20, Қызылордада - 4, қайтыс болғандары – 6.

Ғалымдардың мәліметі бойынша қазіргі кезде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарынан басқа аумақтарға кенелердің қозғалысы байқалады, оның бір көрінісі биылғы жылы алғашқы рет облысымыздың Алакөл, Балқаш, Ескелді, Қарасай, Кербұлақ, Панфилов, Райымбек, Талғар аудандарымен Талдықорған қаласында КҚГҚ ИФА арқылы кенелердің оң нәтиже бергендері анықталып отыр, демек болашақта бұл ауру бізде де тіркелуі мүмкін.

Кенелердің өсіп-өнуі үшін ауаның қолайлы жылулығы 15-25 градус болуы керек. Мұндай температура таңертеңгі және кешкі мезгілдерде, тіпті түнде де болады. Осы кезде кене қорадағы жылқыға, сиырға, қойға және басқа малға адамға жабысқыш келеді, олардың қанын әбден сорғаннан кейін ғана денеден түседі.Жерге түскен аналық кене көлеңкелі ылғалды жерге, үйдің қораның іргесіне, шөптің арасына жұмыртқа салады. Одан кене ұрығының өсіп өнуі аура райына байланысты (күннің жылылығына, жаңбырдың болуы т.б.). Геморрагиялық қызба індетінің кеңінен таралуы кенелер санының көбеюімен байланысты.

Кенелерден қалай сақтануға болады?

Адамдар арасында ауруды болдырмау үшін, табиғат аясында демалуға барғаннан кейін міндетті түрде өзі немесе қасындағы адамдар өзара үстілерінде кененің бар – жоғын тексеру керек. Реппелент (иісінен кенелер қашатын крем, майлар) қолдану қажет. Елді мекендерде қоқыстар мен мал қораларындағы ескі көңдерді азайтып, кенелердің өсіп-өсуіне, мекендеуіне жол бермеу.

Ауру тарататын кенелердің басым көпшілігі мал қанымен қоректенетіні белгілі. Сондықтан малға жабысқан кенелерді дер кезінде жою аурудың алдын алудың алғашқы шараларының бірі. Кенелер көбейетін, өсіп-өнетін жерлерді (мал қораларын, малшылар тұратын үйлерді) арнайы улы препараттармен дәрілеп отыру керек. Кене орман мен дала аймақтарында жұмыс істегенде ерекше сақтық жасап, арнайы комбинезон секілді денені түгел жауып тұратын киім, аяққа керзі етігін киген жөн. Орманға, тауға серуендеуге шыққанда дем алатын орынды күн сәулесі мол түскен жерден таңдау ыңғайлы. Күн сәулесі мол түсетін күншуақ жерлерде кене аз болады. Кешке үйге оралғаннан кейін (мүмкіншілік болса саяхат кезінде 2-3 рет) сырт киімді сыртқа шешіп, сілкілеп, өз денеңіздің кене жабысады-ау деген жерлерін қараңыз. Жабысқан кенені абайлап, ептілік сақтап алып тастаған дұрыс.Ол үшін кененің үстіне бірнеше тамшы сұйық май немесе керосин тамызу керек. Сонда кененің тыныс жолдары бітеліп, өзі-ақ сыртқа шығады. Оны пинцетпен алып, орнын спиртпен немесе йодпен сүртеді. Аурудың белгілері анықтала қалған жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралған жөн. Кене шаққан адам екі апта шамасындай дәрігердің бақылауында болғаны дұрыс.

Қортынды: Республика бойынша 4 облыс (Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы) Конго-Қырым геморрагиялық қызба сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз болып табылады, біздің облыстан басқа аталған үшеуінде сырқаттану жағдайлары жыл сайын тіркеліп тұрады. ‡стіміздегі жылы 24 жағдай тіркелді, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында - 20, Қызылордада – 4. Сырқаттану жіті басталады, дене қызуы 39-41 градусқа дейін көтеріледі, мұрнынан, тістен, қызыл иегінен, жатырдан, асқазан, өкпеден, көзден тіпті барлық тесіктерден қан кетуі мүмкін. Адам ағзасына вирус енгеннен кейін аурудың жасырын кезеңі 6-12 күннен кейін білінеді. Аурудың белгілері анықтала қалған жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралған жөн. Кене шаққан адам екі апта шамасындай дәрігердің бақылауында болғаны дұрыс.

Дарменбекова Жанна Бекетайқызы 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының санитарлық-гигиена және эпидемиология факультетін бітірді. 1993-1998 жылдары Қапал аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансасында санитарлық дәрігер жұмысын атқарды. 1998-2001 жылдары Қаратал аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансасында дәрігер бактериолог жұмысы атқарды. 2001 жылдан бастап Алматы обылыстық санитарлық эпидемиологиялық сарапта орталығында дәрігер бактериолог қызметінде.

Мұхамеджанова Сауле Беймолдақызы 1981 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының санитарлық-гигиена және эпидемиология факультетін бітірді. 1981-1988 жылдары Қапал аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансасында санитарлық дәрігер жұмысын атқарды. 1988-2009 жылдары Алматы обылыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында бас маман болып жұмысы атқарды. 2009 жылдан бастап МКҚК «Обылыстық кардиологиялық орталығында» госпиталды эпидемиологы қызметінде.

Автор:
Жанна Дарменбекова, АОСЭСО дәрігер бактериолог, Сәуле Мухамеджанова, МКҚК «Облыстық кардиологиялық Орталығы» Госпиталды эпидемиолог дәрігері»