Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ажал ажарға қарамайды


27 марта 2018, 06:57 | 2 080 просмотров



Телефонға телміріп,әлеуметтік желіде отырумен қатар қазір өзін –өзі селфиге түсіріп,оны желіге жүктеу сәнге айналған.Қайсібір әлеуметтік желіні ашып қарасаңыз міндетті түрде селфи суретке кезігесіз.Адамдар тап бір селфи жасап жарысатындай көрінеді.Осы селфиге құмартудың себебі неде?                 Селфи термині қайдан шыққан?Селфи жасаушылардың психикалық ауытқушылығы бар екенін сіз білесіз бе?

Селфи (ағылш «selfie- өзі» дегенді білдіреді)өзін-өзі фотоға түсіру,немесе фотопортрет болып табылады. Алғаш рет осы термин 2002 жылы Австралияда өткен форумда қолданылған.Елімізде мой мир желісі арқылы бастау алып,қазір инстаграм, вконтакте, фейсбук желі лерінде кеңінен танымал. Селфидің өзі екі түрге бөлінеді: тура және айна арқылы түсіру.Ал осы селфи түсіруден қай мемлекет көш бастап тұрғанын сіз білесіз бе?Ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде селфилетуді ұнататындардың отаны-Лондон қаласы.Екінші және үшінші орында Нью-Йорк пен Амстередам болса,келесі тізімде Париж,Барселона, Берлин, Рим, Сидней,Стамбул, Афины сияқты қалалар бар. Селфилету жағынан Қазақстанда ешбір мемлекеттерден қалыс қалып тұрған жоқ.Елімізде де өзін-өзі суретке түсіру сәнге айналған.Суретке түсуге құмартушылардың 30 пайызы 18-24 жас аралығындағы жастар.Демек жастардың арасында кең таралған.Әрбір интернетті қолданушы 1 рет болсын селфиге түседі,ол түсінікті.Ал  селфи үшін өз өмірін қиюға дайын жандар туралы не дерсіз?Адамдар осындай құрбандыққа неліктен барады?Сапалы,әрі сәнді суретке түскенді барлық адамдар  қалайды.Бірақ өз қауыпсіздіктеріне аса назар аудармай,өмірлерімен қоштасып жатқандар қаншама.Иә,экстремалды сурет арқылы лүпіл (лайк) жинап,көпшіліктің назарын өзіне қарату қазір әдетке айналып отыр.Сәтсіз селфилердің арқасында көз жұмғандардың саны жылдан жылға артып барады.Әлемдік ақпараттарға көз салатын болсақ,Үндістанның орталығындағы Шингва селосының маңындағы көлге  10-сыныптың үш оқушысы селфи жасамақ болған кезде батып кеткен.Сол сияқты Ресейлік азамат Нью-Йоркта,Бруклин көпірінің бір ғимаратына мініп,сонда суретке түсіп елді бір шулатқан.Аман қалған азамат,көшедегілерді қорқытқаны үшін үш айға темірторға қамалды.Тағы бір дауға айналған селфидің бірі-Португалиядағы ерлі зайыпты поляк туристерінің селфи жасау кезінде,80 метрлік құздан құлауы.Жергілікті тәртіп сақшыларының айтуынша,ерлі-зайыптылар рұқсат етілмеген биіктікке шығып кеткен.Өзін-өзі суретке түсіргендері былай тұрсын,өлікпен де суретке түсіп,мәйітті мазақ қылғандар да бар.Естеріңізде болса,Рейсейлік студенттер мәйіттің жанында тұрып селфи жасаған болатын.Осы сурет әлеуметтік желіні қолданушылардың жағасын ұстатты.Осы үшін қыздарды оқудан шығару туралы мәселе де көтерілген еді.Отқа оранған адамның суретке түскенін естімеген боларсыз.Бірақ олда бар.Көліктің рөлінде отырғанда селфи жасаймын деп апатқа түскен жандар да өте көп. О заманда,бұ заман өз үйінде селфи жасап қаза тапқандар да жоқ емес.Осыған дәлел Ресейлік 42 жастағы әйел ваннада селфи жасаймын деп қайтыс болған.Өзге емес өз елімізде де  селфиге қатысты оқыс оқиға болды.Өскеменде,Ертіс өзененің жағасында тұрып селфи жасамақ болған 17 жастағы бозбала суға батып кеткен.Дәл сол сияқты Атырауда,Жайық өзенінде төрт ер адам  мінген қайық аударылған.Абырой болып,аман қалған достардың айтуынша өзенде қайықпен жүзіп,суретке түспек болған.Қарағанды облысында аңшылар селфи үшін Қызыл кітапқа енген арқардың аяғын сындырып заңсыз іске барған.Осы сияқты селфи үшін тәртіп бұзған заңсыз әрекеттер қаншама?Осыған тосқауыл қоюға болмас па екен.Бұл бір жұқпалы дерт дерсің.

Америкалық психиаторлар қауымдастығы (АПҚ) өздерін өздері суретке түсіретіндерді,яғни селфи жасаушыларды психикалық ауытқушылыққа ие жандар деп айтуда. Мамандардың айтуы бойынша селфиге өте құмар жандардың әдетте қиындықтары болады.Өзіне сенімсіз жандар суретке көп түсіп,соғұрлым оны әлеуметтік желіге салады.Осылай көп адам өз-өзіне жалған бейне қалыптастырып,құмарлыққа салынады.Орынсыз түсінік қалыптасады. Адам қандай болмасын өз болмысын қабыл алып,жақсы көруі керек.

АПҚ селфи жасаушылардың бойндағы үш  түрлі ауытқушылықты атап көрсетті:

1.Өз өзін күніне кем дегенде үш рет фотоға түсіретін,бірақ әлеуметтік желіге жарияламайтын яғни оларды шектеулі селфитис деп атайды екен.                             

2.Өз-өзін күніне кем дегенде үш рет фотоға түсіреді және оны міндетті түрде әлеуметтік желіге жариялайды.Оларды белсенді селфитистер деп атайды.

3.Өз-өзін фотоға түсіруде санасын меңгере алмай кететіндер.Мұндайлар күніне кемінде 7 рет фотоға түсіп үлгереді.Және мәнсіз,мағынасыз болғанына қарамастан әлеуметтік желіге жариялайды.

Міне осы үш ауытқушылықтың қарап отырсақ үшіншісі басым болып барады.Смартфон адамның сенімді серігі болып кеткен заман. 2014 жылы әлемде селфи жасамақ болып,қаза тапқан 49 адамның 19 –ы Үндістан азаматтары болған.Қайғылы оқиғалардың жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдірген Мумбай қаласының әкімшлігі қаланың 16 ауданында селфи жасауға тыйым салыпты.Міне дәл осындай шектеулер  бізде неге жоқ?Мақтаншақтыққа,өзін-өзі асыра сүйіп,бағалауға апара жатқан үлкен дерттің емі тек белгілі бір шектеу сияқты.Әрине кім қалай суретке түсемін десе  де,ол өз еркі.Естелік пен бағалаудан бас тарту керек демеймін.Тек барлық нәстеде өлшем,шекара болғаны абзал.Өмір  ұзақтығымен емес,мазмұнымен өлшенеді.Көзссіз батырлықтан қорқайық.Өзіндік суреттенде артығырақ дүниелер бар екеніен ұмытпаған жөн болар.Ажал айтып келмейді.Өмір екі рет берілмейді.Сақтанғанды сақтаймын деген...

Автор:
Аспазия АЙДАРҚЫЗЫ