Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ерін өсіру еріккеннің ермегі ме?


19 марта 2018, 11:40 | 1 138 просмотров



«Еріккен адамдардын ермегі есебіндегі кұр киял» демекші, медицина дамыған заманда ернін өсіру бойжеткендердің арманы болды. Тән сұлулығына көңілі толмаған сылқым қыздардың қазіргі таңдағы атышулы процедура, ерін өсіруден алдына жан салмайтыны көңілді қынжылтады.Жастар арасында сұлулық жайлы қате пікірлер қалыптасып кеткен.Бойжеткен кербездеріміз біркелкі болуды қалайды.Өзгенің бет келбетіне қызығып, еліктеу арқылы өз ерекшеліктерін ұмыт қалдырады. Шындығына келсек әр адамның өзіне жарасар тұстары көп, мұны барлығы бірдей түсіне бермейтіні өкінішті, әрине. Біркелкі беттерін бояп, шаштарын қиып өздерінің тұлғалық ерекшеліктерін жоғалтады.Расында да Жаратушымыз бізді бір бірімізден өзгеше көркем етіп жаратты. Ендеше өзге адамның бет әлпеті мен сұлулығын біз неліктен артық көреміз? Сұлулық әлеміндегі сүйіспеншілікке бөленіп жүрген аруларымыздың басты дерті «ернін өсіру» болдыма? 

Ерінді кеңейту гиалурон қышқылына негізделген әртүрлі гельдер көмегімен жүзеге асырылады екен. Гиалурон қышқылына негізделген препараттар қауіпсіз дейді,бірақ қарсы көрсеткіштер бар. Қанша жерден денім сау деп сақтанған күннің өзінде адам ағзасына қандай әсер беретін белгісіз.Осыдан он жыл бұрын голливудтық әртістердің арқасында, ерінге силикон салдыру сәнге айналған болатын.Көлемді ерін миллиондаған әйелдердің арманына айналды.Бірақ нәтиженің біренеше жылдан кейінгі көрінісі ешкімді қызықтырған жоқ.Жілігі шағылып, бармақ тістеп қалғандарда азшылық емес.Бесіктен белі шықпаған еркелеріміз бен ардақты аналарымыз қатарынан қалмау үшін батыстан келген жаңа трендке еліктеп денсаулығын құртып жатқанынан бейхабар. Жасандылық жағынан біздің сұлулар алдына жан салмайды десек артық болмас. Туа біткен ахуал , жол апатынан болған жағдай болса, пластикалық  ота жасау мүлдем бөлек жағдай. Ал сұлулық үшін өзін құрбан еткен қылықтыларымыздың бұл істері миға қонымсыз дүние. Бүгінгі таңда медицинаның барлық нәрсеге күші жететінінен хабардармыз. Хирургтар ғажайыптар жасауға қабілетті болса да ең оңай деген пластикалық ота мен процдурадан о дүниеге аттанып кетіп жатқандар барын да шетке ысырып қоя алмаймыз.Әуесқой дәрігерсымақтардың  арбауына түсіп, әпер бақандарға жолығып жатқан сылқымдарымыз саны қаншама.Осындай қауіп бар екенін біле тұра, тәуекелге бел буады. Процедураның  құны мөлшермен алғанда 45 мың теңге мен 85 мың теңге аралығында екен, яғни, салынған инъексияның мөлшеріне байланысты болса керек.Ол салынған гель 6 немесе 8-10 ай аралығында ғана қалыпты жағдайда тұрады.Хирургтарға ботекс жасатуға жылына шамамен алғанда 10 адам барса, кем дегенде 3-4 ару ерін бұлшық еттері  қабынуымен.  Гиалурон қышқылы – мерзімі жеткенде жарылатын бомба іспеттес. Басында бәрі әдемі, керемет болып көрінгенімен, біраз жылдан кейін гель көптеген визуальды кері әсерлерін бере бастайды. Мәселен гель орнынан жылжып, түйіршіктеніп қабынуы мүмкін. Нәтижесінде еріннің жасанды екені көрініп тұрады. Ал қабынудың соңы еріннің іші іріңге толумен аяқталады. «Ернім әдемі болсын деген аруы тек жылы сөздер айтуы керек» дейді. Жасанды cұлулық өмірлік өкініш пен айықпас дерттің кепілі. Осы күннің сәні болған бұл түрлі косметологиялық процедуралардың бағалары қолжетімді болғандықтан он сегіз жасқа толған және ата анасының рұқсаты бар аруларымыз еш қиындықсыз, кедергісіз жасатады.

Өзінің ажарына көңі­лі толмайтын адам ақырындап  дұрыс өмір сүр­у­ден де қалып, кең дүниесі тар болып қалар.Демек оның соңы да мұңды аяқталуы мүмкін. Ал мұңды адамға ашық аспан да бұлтты болып көрінеді емеспе? Сол себепті бұл – өте қауіпті. Плас­тикалық хирургия мен косметология сырт пішініңіз бен келбетіңізді өзгерткенімен, сіздің  ішкі жан дүниеңізді және   проблемаларын шешуге мүлдем көмектеспейді.

«Сұлулық жақсы. Бірақ адамның ең алдымен жаны сұлу болу керек. Сырты сұлу көз сусынын қандырғанмен, жаны жақсы болмаса, жан сусынын қандыра алмайды» деген екен Сəкен Сейфуллин.Табиғи сұлулықтан асқан артық ешетеңе жоқ. Аруларымыздың сұлулығын медицина құтқарып тұрғанда, әлемді әйелдің сұлулығы құтқарғаны не тәйірі..
Адамзаттың бет әлпетінен басқа да шешілмеген мәселелер көптігін және тән сұлулығынан жан сұлулығы әлдеқайда маңыздырақ екенін естен шығармайық.Өз өміріңіз үшін не маңызды екенін шешу сіздің қолыңызда. Бұл өмірде мәңгілік ештеңе жоқ.

Ойланайық...

Автор:
Марал НҰРҚАСЫМОВА.