Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БӘРІ ЕҢБЕКТІҢ АРҚАСЫ


15 марта 2018, 15:25 | 1 460 просмотров



Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

-Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентінде орналасқан,ШЖҚ «Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы» МКК директоры Нұрбаев Ролан Мамырұлымен әңгімелесіп қайтқан едім.

 -Әңгіменің басы өзіңізге тоқталу.

ШЖҚ «Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы» МКК директоры Нұрбаев Ролан Мамырұлы 1976 жылы 29 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1999 жылы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «педиатрия» мамандығы бойынша бітірген.

1999-2000 жылдары «балалар хирургиясы» мамандығы бойынша интернатурадан өткен. 2006 жылы Алматы экономика университетін «қаржы» мамандығы бойынша үздік бітірген. 2008 жылы Д.А.Қонаев атындағы университетті «юриспруденция» мамандығы бойынша тәмамдаған.

-Еңбек жолы... 

  Алғашқы еңбек еткен жылдарым өзіме өте қайрат,жігер,күш,беретін  өзімнің  еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласындағы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында медицина мейіргері болудан бастадым.

2002-2004 жылдары Алматы қаласындағы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында балалар хирургі, лор дәрігері болып жұмыс атқардым.

 2004-2006 жылдары Қазатомпромның медико-санитарлық бөлімінде хирург дәрігері болып, қызметімді жалғастырдым.

2007-2009 жылдары «Іле аудандық орталық ауруханасы» МКҚМ-де қабылдау бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқардым.

2009-2011 жылдары  «Іле аудандық орталық ауруханасы» МКҚМ-де бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары болып қызметіне ауыстырылдым.

2011 жылы  «Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасына»жас келсе іске демекші ерен еңбектің арқасында директор болып тағайындалдым.

-Медицина қызметінде еңбек жолы өте ауыр екендігі бәрімізге мәлім,адам денсаулығы оның ішінде  он екі мүшеміздің амандығын тілейміз,ал еңбек жолымызда биік белестерден көріну үшін не қажет ?

Медицина қызметкерлерінің арасында өзінің еңбексүйгіштігімен, мақсатына жету үшін  ерінбей еңбек ету. Өзіне және басқаларға да жұмыс барысындағы талапшылдығымен, дәлдік және ерекше ұқыпты қасиеттерімен ерекше беделге ие болу деп түсінемін.

- Еңбектің арқасында қандай лауазымдарға ие болдыңыз ?

«Отан патриоты» медалімен, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасына қосқан үлесі үшін «Медицина қызметкерлері күні» деп аталатын құрмет грамотасымен,  «Нұр Отан» партиясының саяси-қоғамдық істеріне қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен, Алматы қаласының «2003 жылдың ең үздік дәрігері» номинациясымен марапатталған. Алматы облысы, Іле аудандық Мәслихатының депутаты.

-Қазіргі қызмет....

ШЖҚ "Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы" МКК (бұдан әрі - ААБКА) - Алматы облысының балаларына мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін, заманауи диагностикалық және емдеу құрылғыларымен жабдықталған, консультациялық-диагностикалық емханасы бар 200 төсек-орындық көпсалалы  балалар стационары. Аурухана облысымыздың оңтүстік өңірлеріне қызмет көрсетеді (Іле, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Жамбыл, Балқаш, Қарасай, Талғар аудандары және Қапшағай қаласы), дегенмен қажеттіліктер болғанда белгілі бір шарттарда барлық Алматы облысы мен ҚР басқа да облыстарынан балаларды қабылдайды.

2012 жылғы қаңтарда 200 төсек-орындық көпсалалық тәуліктік стационар ашылды, ол қабылдау бөлімінен және 7 салалық клиникалық бөлімшелерінен жасақталды: хирургия бөлімшесі 55 төсекке, травматология, неврология және нейрохирургия бөлімшесі – 70, соматика және онкогематология бөлімшесі - 55, жетілмеген және жаңа туған балалар  патологиясы бөлімшесі – 20,  анестезиология, жан сақтау және қарқынды терапия бөлімшесі - 9 есептелген. Сондай-ақ стационар жанында 10 төсекке шақталған күндізгі стационар қызмет көрсетеді.

Клиникалық-диагностикалық емхана амбулаторлық-емханалық жәрдем бойынша мамандандырылған көмек көрсетеді, күніне 150 емделушіні қабылдайды. Барлық салалар бойынша мамандар бар: эндокринолог, гематолог, нефролог, кардиолог, невропатолог, уролог, отоларинголог, пульмонолог, офтальмолог, дерматолог, гастроэнтеролог. Қосымша клиникалық-диагностикалық бөлімшелер де бар: зертхана, эндоскопия кабинеті, сәулелік диагностика бөлімшесі, физиотерапия бөлімшесі, компьютерлік томография, ЭЭГ, УДЗ, ЭКГ.

Амбулаторлық-емханалық жәрдем бойынша дәрігерлердің ем жүргізуіне 2017 жылы – 14169 бала қаралған. 2017 жылдың 12 айында біздің клиниканың мамандары тарапынан Алматы облысының балаларына санитарлық авиация желісінде жерде жүретін көлікпен (жедел жәрдем) кеңес беріліп, көмек көрсетілді – 268, ұшу арқылы (тікұшақ, ұшақ) – 26.

2017 жылы стационардың қабылдау бөлімшесіне 22 597 бала (2016г - 22855) қаралған, оның ішінде: тәуліктік стационарға емдеуге жатқызылғаны – 6891(2016 ж - 7508), күндізгі стационардан емделіп шыққан науқастардың саны – 1028 (2016 ж - 919). Күндізгі стационарда науқастар өткізген төсектік-тәуліктік көрсеткіші -  7547 (2016 - 6562).

-Аталмыш мекеменің жетістіктері қазіргі уақытта  қандай көрсеткіш денгейде ?

Біздің клиникамыздың 2015-2017 жылдардағы жеткен жетістіктері

  1. Жаңа туған және ересек жастағы балалардағы хирургиялық ауруларды инновациялық технологияларды пайдалану арқылы емдеудің инвазивті әдістері енгізілді.
  2. 3 жылға аккредитациядан өткендігі туралы сертификат алынды
  3. «2015 жылғы Үздік облыстық аурухана» аталымы бойынша сертификатқа ие болды.
  4. 2017 жылы маусым айында Оңтүстік Корея мамандарының қатысуымен шеберлік сыныбы өткізілді.

 -Балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру үшін сіздердің клиникаларыңызда жүзеге асырылған іс- шараларға тоқталсақ. 

Бірінші жетілмеген және жаңа туған балар патологиясы бөлімшесі мен емізу бөлмесінде ҚР САН ПИН-ге сәйкес ҚТП үшін бірінші қабаттан қосымша бөлімше бөлінді.  

Екінші РҚТБ бөлімшесінде үй-жай 4 палатаға бөлінді: соматикалық төсектер, жеке іріңді сырқаттар төсектері (хирургиялық, травматологиялық) және жаңа туған балаларға арналған төсектер. 

Үшінші 2018 жылдың ақпан айында 30 төсектік қалпына келтіру емі және медициналық оңалту бөлімшесі ашылды. 

Біздің клиникамыздың болашақтағы жоспарлары

 Дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер жасағының сапалық және сандық құрамын жақсарту

      Медициналық қызмет көрсетудің сапасын жетілдіру және жақсарту

 Стационардың төсек қорын тиімді пайдалану

       Алматы облысының оңтүстік өңірлері бойынша МСАК жұмыстарын күшейту.

  -   Сұхбатыңызға рахмет!

      Сіздерге де рахмет, шығармашылық табыс тілеймін. Халыққа шипаларыңызды тигізе жүріп, өздеріңіз де аман болыңыздар.

   -  Тоғыз жолдың торабында орналасқан  ШЖҚ «Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының ұжымына тек сәттілік өсіп-өніп-өркендеуіне,ана мен  бала қуанышына бөленуіне ізгі тілегімді білдіремін. Бүгінгі сұхбат арқылы оқырманға ой тастадық деп есептеймін. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік, ағайын!    

 

Автор:
Шалқар Оразбаев