Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

2018 жылдың ақпан айында Медициналық сақтандыру қорына 9 млрд теңгеден астам қаржы түсті


5 марта 2018, 10:04 | 1 182 просмотра



2018 жылдың ақпан айында Медициналық сақтандыру қорының Ұлттық банктегі шотына 9 млрд тенгеден астам жарна түсті. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Жүйе іске қосылған былтырғы жылдың шілдесінен бастап сақтандыру жарнасын жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс тұлғалар төлей бастаған болатын. 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2018 жылдың 28 ақпаны аралығында түскен соманың жалпы көлемі 47 млрд теңгені құрап отыр.

Оның 39 млрд теңгесі немесе 83 пайызға жуығы жұмыс берушілердің өз қарамағындағы жұмыскерлері үшін жасаған аударымдары болса, қалған 8 млрд теңге (17 пайызға жуық) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, сақтандыру төлемдерін төлеу жағынан Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

 

Автор:
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ баспасөз қызметі