Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Марапат


26 июня 2010, 20:53 | 1 528 просмотров


Баршамызға аян, өткен аптаның жексенбісінде Қазақстан Денсаулық сақтау саласы қызметкерлері өздерінің төл мерекелерін атап өтті. Адам жанының арашашысы абзал жандардың еңбегі ерен, ауыр да құрметті.

Тумасынан осы кәсіпті қалап, медицина саласында жұмыс жасап келе жатқандардың бірі – Арман Қуандықұлы Бекмағанбетов. Бүгінде ол Алматы облысы сот медицинасы орталығы Талдықорған филиалына жетекшілік етеді. Төл мерекесі қарсаңында Арман Қуандықұлы үлкен қуанышқа бөленді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Арекең көп жылғы және адал еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы Денсаулық ісінің үздігі» медалімен марапатталды. Арман Қуандықұлын осы марапатымен құттықтай отырып, «Жәрдем» қоғамдық - медициналық газетінің ұжымы оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейді. Қашанда еңбегіңіз өрлей , мерейіңіз арта берсін деген тілегін білдіреді. Қабыл алыңыз!

Ізгі ниетпен «Жәрдем» газетінің ұжымы.