Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Мерекелеріңізбен, денсаулық саласының қызметкерлері!


22 июня 2010, 02:10 | 1 533 просмотра


Медицина қызметкерлеріне әр азаматтың баға жетпес игілігі мен дәулеті болып табылатын денсаулығына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Көптеген адамдар үшін дәрігер бейнесі – ол адамдардың өмірін құтқару, жоғалтқан денсаулықтарын қайтару ісін атқаратын Үміт, Сенім және Махаббат бейнесі. Адам барлық заттардың өлшемі деген орта ғасырдың өркендеушілері. Осы гуманистік постулат сіздердің кәсіптеріңіздің өлшемі, сіздердің берген анттарыңыз. Медицина қуатты ғылыми – инновациялық әлеуетімен, дәрігерлік қызмет көрсетуімен ерекшеленеді. Сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау секторы күннен күнге маңызды бола бастаған ғасырда дәрігердің және орта буынды маманның рөлі де өсті. Денсаулық сақтау қоғамдық денсаулық сақтаудың жаңа инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді, кешенді және мақсатқа бағытталған бағдарламаларға сәйкес дамуда. Дәрігерлердің негізгі кәсібі – адамдарға жәрдем беру. Бүгін барша дәрігер, медбике, медицина саласының барша қызметкерлері төл мерекелерін атап өтуде. Дәл осы күні медицина қызметкерлері өздерінің баршамыз үшін аса қажеттігін түсінеді, сонысымен шаттанады. Ал, біз болсақ, оларды құрмет тұтамыз. Ақ желеңді жандарға тек бақыт пен шаттық, береке мен бірлік, ырыс пен ынтымақ тілейміз. Мерекелеріңізбен!

Ізгі ниетпен, Республикалық «Жәрдем» газетінің ұжымы.