Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

МЕНТАЛЬДЫ ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ДЕҢГЕЙІ


22 июня 2010, 02:07 | 1 814 просмотров



МЕЗГІЛ ТАҚЫРЫБЫ

«Аман-саулық» қоғамдық қоры «Құқықтық реформа» бағдарламасы аясында «ҚР-дағы интеллектуалды даму, психикалық денсаулығы бұзылған адамдардың құқықтарын қорғаумен байланысты жағдай» тақырыбындағы жобаны іске асырып, қазіргі уақытта, Қазақстандағы психикалық денсаулығы мен интеллектуалды дамуы бұзылған адамдардың құқығын сақтауға байланысты жағдайға талдау жасауда.

Бұл туралы маусымның 15-де Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында аталмыш қордың Президенті Бақыт Түменова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бұл жоба 2008 жылғы желтоқсан айында Қазақстан БҰҰ-ның мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясына қосылуына байланысты интеллектуалды шектеулі мүмкіндіктерге ие адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және оны қорғау саласында азаматтық қоғам жүзеге асырып отырған іс-шаралардың бірі болып табылады.

«Қазақстан Конвенцияға қосыла отырып, мүгедектердің барлық құқықтарын және адамның негізгі еркіндігін толығымен және теңдікте жүзеге асыруды қорғау, қолдау және ынталандырудың қажеттілігін түсінетінін байқатты. Бұл ретте Конвенцияны ратификациялау белгілі бір шарттардың орындалуы жағдайында мүмкін болатынын ескеру қажет. Жағдайды шынайы бағалау психикалық ауруға шалдыққан адамдарды әлеуметтік кіріктіру саласындағы аса тиімді шешімдерді іздеу жолына апарар қадамдардың бірі болып табылады», - дейді Сорос-Қазақстан қорының «Құқықтық реформа» бағдарламасының үйлестірушісі Айнұр Шәкенова.

«Аман-саулық» ҚҚ президенті Бақыт Түменованың пікірінше, аталған жоба ақыл-ой және психикалық дамуында бұзылысы бар адамдардың құқықтарын сақтаумен байланысты жағдайды өзгертуге, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге балама болатын қоғамдастықтар мен институттарды ары қарай дамытуға, сондай-ақ, психикалық денсаулығы мен интеллектуалды дамуы бұзылған адамдардың мәселелері мен мұқтаждарына қоғамның назарын кеңінен аударуға мүмкіндік береді. Оның айтуынша, жүргізіліп жатқан зерттеулер психикалық денсаулық қызметінің бүгінгі күні халықаралық стандарттарға қаншалықты сәйкес келетінін анықтайтын болады.

Ол сонымен қатар, бұл жоба Сорос-Қазақстан қорының (СҚҚ) қолдауымен, «Меңгеру» ментальды денсаулық саласындағы қызметті қолданушылардың құқығын қорғау» қоғамдық ұйымымен, Республикалық психиатрия, психотерапия жYне Наркология ғылыми-тәжірибелік орталығымен, «Психиатриядағы жаһандық бастама» халықаралық үкіметтік емес ұйымымен бірге әріптестік аясында жүзеге асырылып жатқандығын жеткізді.

Автор:
«ЖД» ақпарат