Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: Общество/Қоғам

«Зерде» балабақшасындағы «Жас өрт сөндіруші» атты іс-шара


22 февраля 2018, 03:54 | 2 943 просмотра



Алакөл ауданының Үшарал қаласындағы «Зерде» балабақшасында, балабақша меңгерушісі Лаззат Ынтыбекқызы Токболатованың ұйымдастыруымен және Алакөл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Мәулет Кабылгазиновтың және ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Айдар Дәулетұлының қатысуымен «Жас өрт сөндіруші!» атты тақырыпта өртке қарсы іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты – балаларды өрт қауіпсіздігінің басты ережелеріне үйретіп, өрт сөндірушілердің қиын әрі батыл мамандығымен таныстыру болып табылады. Сонымен қатар балалардың отпен, сіріңкемен, оттық шақпақпен және басқа да жеңіл тұтанғыш заттармен ойындар қандай жағдайларға әкеп соқтыратынын да түсіндіріп өтті

Бүлдіршіндер байқауға белсене қатысты, олар берілген тақырыпқа сай, ән айтып, би биледі. ТЖБ қызметкерлеріне сұрақтар қойды.

Балабақша қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі және балалардың өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауын жеткізуге қоскан үлесі үшін Алакөл ауданының ТЖБ қызметкерлері алғыстарын білдірді.

Барлық қатысушыларға жаднамалар мен ескертпелер таратылып берілді.

Бүлдіршіндер-біздің болашағымыз! Біздің міндетіміз, оларды қорғау ғана емес, оларға өз-өзіне және қоршаған ортаға жауапты болуды үйрету болып табылады. Еліміздің бүлдіршін балаларына өрт қауіпсіздік ережелерін үйрету болашағымыз үшін басты міндет.

Автор:
Алаколь ауданының төтенше жағдайлар бөлімі